27. декабря 2011 · Комментарии к записи Ядролық энергетика отключены · Categories: ОБЖ

Жоспар:

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Қасіреттің дүниеге келуі туралы бірер сөз.
2. Полигон және қоршаған орта.
3. Адам ағзасына радиацияның әсері.
III. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер:

Қарапайым шопан өміріне үзіліс жасаймыз деп біз, бэлкім, болашақтағы үлы даналыққа, жасампаз дүние жаңалықтарына бастайтын жалғастықты үзіп алған болармыз. Адамзат тарихында халықтың қалың ортасынан шыққан ұ_лы ойшылдар аз болмаған. Әр ғұмырдың өзіне лайық шынайы бағасын бере білу керек. Қиял-ғажайыпшылардың пайымдауынша, тіпті абайсызда басып кеткен кебелектің өзі біздің болашағымызды өзгертіп жіберуге елеулі себеп болады екен. Мүнда философиялық терең мағына бар. Өмірдің арзан-қымбаты болмайды. Өркениет үшін эрбір ғүмырға баға жетпейді.

Адам өзінің элдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре береді. Білген кезде барып тітіркенеді. Семей аймағы түрғынының басынан да тап осыпдай ахуал етті. Ол Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде. қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіпдеп көтеріле беретін, саңырауқүлақ секілді аләпат бүлт пен жарық дүниенің ғажайьш қүбылысына үқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі түрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі ол үшін табиғаттың үйреншікті қүбылысына айналды. Адам осы байланыстың беті ашыла бастаған кезде барып тіксіне бастады. Бірақ тамыздың тып-тыныш аспанында саңырауқүлақ секілді алапат бүлттың біртіндеп көтерілген кезінен бері қырық жыл өтіп кеткен еді. Кэзір, осы жолдар жазылып отырған шақта, қырық жылдан аса бақылаусыз эрі жеке-дара білгенін істеп, бізге батпандай ауыр жүк қалдырған қүбыжықтың үні өшті: енді түбегейлі жеңіс үшін аймағымызды ауыр жарақаттан айықтырып, оның байырғы күш-қуатын қалпына келтіріп алу қажет. Әрине, полигонның үні бірден өшкен жоқ. Оған біз соқтықпалы соқпақсыз, бардарсыз да ауыр жолдармен жеттік.

Адамзат бүл қозғалыстың тарихын білуі керек. Олар осынша үзақ қырық жылдың біздің аймаққа нендей зобалаң экелгенін білуге тиіс.

 Реферат / 12 бет


Comments closed.