М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ……..3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТЫ
1.1 Сот билігі ұғымы………5
1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы……8

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
2.1 Жоғарғы Сот Кеңесі……14
2.2 Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі…..16
2.3 Сот төрелігінің конституциялық негіздері……..18
2.4 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері және оны нығайту мәселелері..20

3 СОТ БИЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы…….25
3.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері……..26

ҚОРЫТЫНДЫ………..27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….29

Кіріспе

Қазақтың азат мемлекет турасындағы ата-бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер аңсаған ұлы арманы орындалып, тәуелсіздіктің жиырма жылдығын Қазақстан  толағай табыстармен атап өтіп қызу тойлап, қазақ елі бұрын-соңды болмаған  аламан саяси өрлеу үстінде.

Әрине, елдің шын мәніндегі тәуелсіздігі Елбасының 1991 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен әп-сәтте бірден орнай қалған жоқ.

Еркіндік пен бостандық қуанышына бөленіп, шабытпен жігерленген Қазақстан халқы мемлекеттіліктің іргетасын қалауда егемендіктің  қиын-қыстау алғашы жылдарында аса жанқиярлықпен қажырлы  еңбек етті.

Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін, елде демократиялық принциптерді орнықтыру мақсатында Президентіміз халықтың бостандығы мен құқын қорғауда тәуелсіз сот болу керектіігі жөнінде берік ұстаныммен дамыған елдер үрдісінде батыл шешімдер алды.

Халықтың еркіндігі мен құқын қорғауда сот қызметкерлері басқа билік өкілдерімен қатар жариялылық пен ашықтық жағдайда нәтижелі  еңбек етіп сот әділдігін жоғарғы деңгейде жүргізе білді.

Бұрынғы Кеңестер Одағында партия басқарған кезеңдегі түсінік пен қалыптасқан дағды, оның үстіне соттың материалдық-техникалық базасының жоқтығы тіпті қағаз, жазу-сызу құралдарының жетіспеушілігі сот қызметкерлерінің ұнжырғасын түсірмей, мемлекеттің қуатын арттыру мен елді өркениетті елдер қатарына қосуда, европалық стандарттарға сай сот әділдігін жүзеге асырып, өркениет принциптердің қалыптасуы үшін аса жауапкершілікпен және  адалдықпен қызмет етті.

Нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстандық бағыт-бағдарды анықтаған Конституция қабылданды.

Ата заңымызда-Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, деп жарияланды. Мемлекетіміз Президент басқаруында үш билік тармағынан құралып, оның бір тармағы тәуелсіз сот билігі болып бекітілді.

Сонымен қатар, осы Ата заң-Конституцияда, азаматтардың  заң мен сот алдында бірдейлігі және олардың кінәлі болып табылуы тек қана сот шешімімен белгіленетіні көрсетілді.

Соттың қызметі мен мәртебесі осылайша заңды түрде бекітілгеннен кейін, сот қызметкерлері өздеріне артылған орасан жауапкершілікті салқындалықпен қабылдап, салиқалыдықпен атқарып,, халыққа қалтқысыз қызмет ету жолында бар күш-жігерлерін аямай еңбек етті..

Нәтижесінде Елбасының судьялар сьезінде айтқан: «Ел тәуелсіздігі тек реформалар кезеңі ғана емес, кең мағынасында алғанда, әділеттіліктің қалыптасып-бекуінің жылдары болды.

«Ұзақ жылдарға созылған заңсыздық, телефон арқылы және басқа да заңнан тыс нысанда жүзеге асырылған «Құқық» түрлерінен кейін адам сот билігінің күші мен беделін сезінді» деп көрсетті.

«Судьялардың халықтың ары мен ожданы»,- екендігін айта отырып, олардың жұмысына қарай мемлекет беделі қалыптасатынын, баса көрсетті.        Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы, сотқа деген сенімді қалыптастыру мен судьялардың беделін арттыруда қоғам болып атсалысуға шақырды.       Қазақстандық сот жүйесінің қалыптасуы 2000 жылы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі» туралы Конституциялық заңымен бекітілді.

Сот жұмысына қандай да болсын араласу, сот актілерін орындамау сотқа құрметтемеушілік болып есептеліп, ондай әрекеттері үшін лауазымды тұлғаларды қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тарту жазалары кодекстерге  рет-ретімен енгізілді.

Қазақстан Европа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық  Ұйымына төрағалық етуге өтініш білдірген кезден бастап сол ұйымның эмиссарлары иен арнаулы өкілдері  Қазақстандағы демократиялық принциптердің жай-күйін тексеру мақсатында үш жылдай бақылау орнатқандығы, азаматтардың құқы мен бостандықтарының сақталуы жайлы анкеталар жүргізу, басқа да жолдармен тексеріс, сұрау жұмыстарын жүргізгендігі баршаға мәлім.              Демократиялық принциптер мен адам құқығының сақталуы сот жұмысына байланысты болғандықтан, соттың күнделікті жұмыстарына мониторинг жасалып, ол шаралар журналистер қатысуларымен талқыланып, баспасөздерде жарияланып отырылды.

Ақыр соңында қазақстандық сот жүйесі мен оның жұмысы адам құқын қорғауда европалық стандарттарға сай болғандықтан, Қазақстан 2010 жылы Европа Қауіпсіздік және Ынтыматастық Ұйымына төрағалық ету құқына ие болып,  оны абыроймен атқарып, ел мерейі үстем болып, қазақ халқының халықаралық беделі артты.

Қазақстан Судьялар Одағының ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Халықаралық Судьялар Қауымдастығына Ассоциациясына толық мүше болып қабылдануы  егемендіктің баянды болуы үшін аянбай тер төккен судьялардың толыққанды ерен еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Азаматтардың бұзылған құқығы мен бостандықтарын дереу қалпына келтіру мақсатында сот жұмысында кезең-кезеңімен жаңалықтар енгізу үрдісі әр жыл сайын орынды шешімін табуда.

Судьяларды кәсібилендіру нақтылы қолға алынып, олардың білімін жетілдіру, соған сәйкес соттарды мамандандыру тетіктері нақтылы жүзеге асып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық, аса ауыр қылмыстар қарайтын, әкімшілік істер қарайтын соттар және қаржылық соттар құрылып, қазіргі таңда жасөспірімдер істерін қарайтын арнаулы мамандандырылған сот ювеналды құру қолға алынуда.

Қазақстандық сот жүйесінің осындай өзіндік озық  тәжірибесін басқа елдер оқып үйреніп, өз елдерінде жетістік ретінде қолдануда.

Сонымен қатар, Егемендік жылдарында Конституция талаптарына сай  қамау санкциясы сотқа беріліп, азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сот

жұмысына көптеп араластыру және сот жұмысына халықтық сипат беру мақсатында аса ауыр істерді алқа билер қатысуымен қарау нақтылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, билер сотының алғашқы белгілерін қамтитын медиация институты өмірге енгізілуде.

Халықтың шағымдары мен өтініштерін дер кезінде қарап, әрі қарай ақырғы шешімін алу, ұзақ уақытқа созбаламай ыждағатты түрде шешілу үшін, Қазақстан бойынша үш буынды сот жүйесі қалыптасуда.

Келешекте барлық санкцияны мүлікке, хат-хабарларға тоқтам салу сот құзырына беру жайлы заң жобалары қаралуда.

Бұл айтылғандардың барлығы ел тәуелсіздігінің жиырма жылында жеткен Н.Назарбаев бастаған қазақ халқының телегей-теңіз жетістіктерінің бір  парасы ғана болып табылады.

Судьялар ел егемендігінің мызғымастығын қорғау мен елімізде демократиялық принциптер орнату және мемлекеттік қарым-қатынастарды реттеуде, шиеленісі мол дауласушы тұлғалар арасындағы күрделі мәселелерді ел бірлігін сақтау ұстанымына сай қарап, мәселені әрі қарай ушықтырмай байыптылық танытып бар ар-ожданымен  әділ шешіп, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында бар күш-жігерін  аямай, заң талаптарына сай  еңбек ете отырып сот әділдігін әрі қарай дамыта жүргізе береді.

 курстық жұмыс / 29 бет


You must be logged in to leave a reply.