М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ………3

1 МЕМЛЕКЕТ АНЫҚТАМАСЫ
1.1 Мемлекеттің түсінігі……….5
1.2 Мемлекеттің түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық негіздер…….7
1.3 Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары…….8
1.4 Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты…..12

2 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Мемлекет функциялары……….15
2.2 Басқару нысаны………….16
2.3 Мемлекет механизмі……….19

ҚОРЫТЫНДЫ…….24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….26

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.

Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек»,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі».
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.

Мемлекеттің белгілері мыналар:

-мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

-мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан,…) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

-мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

-мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;

-мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

-мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады; Мемлекеттің типтері.

Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:

1.Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.

2. Индустриалдық мемлекет.

Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүгізуші тап – құл иелері, ал өндіргіш күш ретіндекөрінген тап – құлдар болды.

Құлиеленушілік құрылыс тұсында материалдық игіліктерді өндіретін, мемлекеттің қазынасын толтырып отыратын негізгі күш құлдар болса да, бұл тұрпаттағы қоғамдардың таптық құрылымында құлдардың үлесінің көп болмағанын айтады.

Феодалдық мемлекеттердің мысалдарына VI-XII ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев Русін, Батыс Еуропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.

Алғашқы индустриалдық мемлекеттер санатында XVI ғасырдан бастап буржуазия билікке қол жеткізген Нидерландыны, XVII ғасырдағы революциядан кейінгі Англияны, XVIII ғасырда мемлекеттік құрылымның жаңаша дамуы жолына .

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны — шексіз монархия.

Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп,  ел болғалы 20-жыл  уақыт  өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты,  Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі  тең мүше болуымен  көрінеді.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шет елдік авторлардың еңбектері қолданылды.

Курстық жұмыстың мақсаты:  мемлекеттің анықтамасына  жан-жақты тоқталып оның белгілерін ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін  төмендегідей міндеттер орындалады:

-мемлекеттің түсінігін анықтау;

-мемлекеттің  түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық  негіздерді зерттеу;

-мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функцияларына тоқталу;

-мемлекеттің әлеуметтік мақсатын қарастыру;

-мемлекет функцияларын анықтау;

-басқару  нысанына тоқталу;

-мемлекет механизмін қарастыру.

 курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.