ЖОСПАР

КІРІСПЕ———3

І. СПАРТАДА МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Спарта мемлекетінің пайда болуы———5
1.2 Спарта мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты——8
1.3 Спарта мемлекетінің құрылысы——-9

ІІ. ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ РЕФОРМАЛАРЫ
2.1 Тезей реформалары———-12
2.2 Солон реформалары————13

ІІІ. АФИНА МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ САЯСИ ҚҰРЫЛЫСЫ
3.1 Афина мемлекетінің билік органдары——18
3.2 Афина мемлекетінің сот жүйесі——21

ҚОРЫТЫНДЫ———-23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР———25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс өзектілігі.  Ежелгі Грекияның мемлекеттік құрылысы, мемлекеттік реформалары және Спартада мемлекеті мен Афина мемелекетінің мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесі қарастырылады.

Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз карақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.

Спарта ежелгі Грекияның тарихына үлкен із қалдырған ел. Спарта мемлекетінің пайда болуына алып келген себептердің ерекшеліктері болды. Олардың бірі — таптық қоғамның пайда болуына соғыс әсер етті. Жеңіп алған дорийцтер жергілікті ахей тайпаларымен бірігіп, Спарта қоғамын құрды. Олар көрші Мессенияны бірігіп жаулап алды да, өздерінің жерлерін кеңейтті.

Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың өмірінде бұрынғыдан әлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Онда ағымдағы саяси мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары сайланатын. Кейін олардың бәрі өз жұмысы жөнінде жиналыс алдында есеп беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қоялады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды.

Спарта мемлекеті қандай да болсын сыртқы саудаға тыйым салған еді. Бірде-бір шетел көпесі Спартаға келе алмайтын. Басқа елдерден ешқандай тауар әкелінбейтін. Сауда тек ел ішінде жөне жергілікті базарда жүргізілетін. Бұл уақытта Грекияда күміс ақша жүретін, бірақ Спартада оны қолдануға рұқсат етілмейтін.

Афина құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Афина құқығының қайнар көзі әдет-ғұрып (themic).

Б.э.д. 621 жылы ру беделділері мен халықтың арасындағы қүрестің нәтижесінде әдет-ғұрып жазбаларының жинағы Драконт заңы (nomoi) дүниеге келген.

Афин тұрғындарының құқықтық жағдайы. Грек қоғамы үш әлеуметтік топтан құрылды: құлдар, азаматтар, билік иегерлері. Құлдардың қайнар көзі — соғыс, пираттық және құл саудасы:

1) әскери тұтқындар мен қолға түскен бейбіт тұрғындар.,

2) Фракия және скиф ақсүйектерінің өз қандастарын сатуы.,

3) құлдардың өзара көбейуі.

Құлдар құқықтың субьектісі емес обьектісі болып табылған. Яғни құлдар жанды құралдар санатына жатқызылған. Іскер құлдарды қожайыны қолдап, жеке кішігірім шеберхана ашып беретін. Бұл жағдайда құл кейбір заңды мәмілелерді жасайтын болғандықтан, белгілі бір құқыққабілеттілікке ие болған.

Құлдарды босату, еркіндікке жіберу мүмкіндігі бар. Бірақта олар азаматтыққа ие бола алмайды тек  «бөтендер» деген санатқа қосылады.

Еркіндікке босатылған құлдар бұрынғы қожайынына, яғни патронына  толық тәуелді және оның рұхсатымен қана үйленетін немесе өлер өлгенше оған қызмет атқарады. Олар өлгенде ұрпағы, яғни балалары болмаса оның мүлкі қожайынына қалады.

Меншік құқығы. Б.э.д. Ү ғасырда Афин азаматтары арасында жеке меншіктің саны көбейген. Афинда меншік мемлекет тарапынан берген игілік көзі ретінде есептелген. Ірі жер иегерлері мемлекетке пайдалы салық (литургии) төлеп отырған.

Афин құқығында бөтеннің мүлкіне деген құқық болған.

Жер иеленуші өз жерін 20 метрге дейін қазып су көзін таба алмаса, көршісінің үйінен күнінде екі рет белгілі мөлшерде су ала алады.

Афин құқығында шарттардың келесі түрлері болды: сауда-саттық, жалдау, серіктестік, тапсырма, жеке жалдамалық және т.б. Деликтіден туындайтын міндеттемелер болған.

Неке және отбасылық құқық. Ежелгі Грецияның әйел адамдары бала күнінде әкесінің билігінде, тұрмыс құрған соң күйеунің билігінде болған және әрекетқабілеттілігі жоқ деп саналған. Неке құру кезінде қыздың келісімі есептелінбеген, яғни ата-анасының қабылдаған шешімі заңзы болып саналған. Қызға төсек орын берілген, егер ажырасқан жағдайда өзімен бірге қайтарылатын.немесе өліп қалса әкесіне қайтарып беретін. Некенің мақсаты ұрпақты жалғастыру. Әйелі бедеу болса және екеуінің бірі біреуінің көзіне шөп салса, ажыраса алады.

Қайтыс болған адамның мүлкі оның отбасына және жақын туыстарына қалдырылған. Ереже бойынша әйелін мұрагерлер тізімінен алып тастаған.

Курстық жұмыстың мақсаты. Афина мен Спартаданың мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесін анықтай отырып, тақырыпты зерттеу.

Міндеттері:

— Афинаның мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесін қарастыру;

Спартаданың мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесін анықтау.

 курстық жұмыс / 25 бет


You must be logged in to leave a reply.