Мазмұны

Кіріспе 3

1 ТМД елдерінің көлеміндегі қонақ үйлердің дамуы мен қалыптасуы 5
2 Алматы қаласындағы қонақ үй шаруашылығының жағдайы 8
3 Әлемдік қонақ үй шаруашылығының құрылымы 15

Қорытынды 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе

 Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы туризм және қонақжайлылық индустриясы бүл әлемнің көптеген елдерінде пайдалы қарқынды даму саласына айналған халық шаруашылығының кешені. Қонақ үй және туристік бизнес кәсіпкерлерді өзінің бастапқі капиталының аздығымен, оның тез арада қорлануымен, туризм мен орналастыр қүралдарына әрдайым сүраныстың болуымен, өндірістік шығындардың рентабельділігінің жоғарғы деңгейімен тартымды етеді. Қазақстандағы жеке бизнестің дамуы туристік қызметтер аясындағы мемлекеттік монополияның жоғалуына, қонақ үйлердің және басқа да орналастыру орындарының көптеп ашылуына әкелді. Туристік рыноктағы сүраныстың артуы үсынылатын қызметтер санының өсуіне алып келді. Қонақ үй шаруашылығы орналастыру қүралдарының негізгі экономикалық аспектілерін, қонақжайлылықтын экономикалық табиғатын, қонақ үй қызметіндегі экономикалық заңдардың қолданылуын, және де ондағы шаруашылық механизмінің әрекет етуін қарастырады. Бүл бағдарлама қонақ үй жіктемесінің мәнін ашады, сондай-ақ әлемдегі қонақжайлылық ерекшелігін қарастырады, және де қонақжайлылық индустриясындағы франчайзинг, келісім шарттық басқару, жалға беру және т.с.с. түсініктерге анықтама береді.
Рефераттың мақсаты:- қонақ жайлылық индустриясын басқару, қонақ үй шаруашылығы саласы жөнінде білім және дағдыларды оқып-үйрену.

Қызметкерлерге білім негізінде өндірістің ең перспективалы факторы ретінде көзқарасты қалыптастыру, жеке адамдардың немесе группалардың, коллективтердің потенциалын ашатын көзқарасты қалыптастыру. Курс туризм менеджеріне мекеменің кадрлық саясатын анықтауға, туристік мекемеде қызметкерлерді басқару әдістерін қолдануға, технологияны құрастыруға мүмкіндік береді.

Ежелгі Грекияда біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықта таверналар әлеуметтік және діни өмірдің маңызды элементтері болып табылды. Таверналарда саяхатшыларды орналастыруға арналған бөлмелер болғанына қарамастан, көп дәрежеде таверналар тамақтандыру қызметін беруге арналды. Сауданың дамуы мен осымен байланысты ұзақ қашықтықтарға жол жүру тек тамақтандыруды ғана емес, жатын жерді ұйымдастыруды да талап етті. Осы бір жағдай кәсіпорындардың басқа түрінің – тұрақ аулалардың пайда болуына негіз болды. Тұрақ аулалардың ең кең тармақталған жүйесі Рим империясының аумағында құрылды. Тұрақ аулаларды, әсіресе негізгі жолдарда тұрғандарын, римдіктер істі біле отырып тұрғызды және олар өз заманы үшін әбден ыңғайлы болды [1].

Кейініректе Марко Поло олар туралы мұнда «корольге тұрақтау да ұят емес» екендігін айтты. Үкімет шенеуніктері мен тасымалдаушылар жолда онша шаршап-шалдықпай, әрқайсысында дем алулары үшін , олар бірінен бірі шамамен 25 мильқашықтықта тұрғызылды. Оларды ұсынушылардың ерекше мәртебесін куәландыратын, арнайы үкімет құжатын көрсетіп қана, тұрақ аулаларды пайдалана беруге болатын еді, сондықтан мұндай ресми құжаттар жиі ұрланып, қолдан жасалатын. Марко Поло өзінің Қиыр Шығысқа саяхатына аттанып кеткен уақытқа таман мұндай тұрақ аулалар елде ондаған мың болып еді.

 реферат / 20 бет


You must be logged in to leave a reply.