Жоспар

Кіріспе

І Жергілікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы
1.2. Жергілікті өзін өзі басқару қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері
1.3. Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі

ІІ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару және дамуы
2.1. Қазақстан республикасындағы жергіліктік өзін өзі басқарудың қазіргі жағдайы
2.2. Ақтөбе облысының жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері

ІІІ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе

  Мемлекеттік билікті орталықсыздандыру мен қоғамды  демократияландыру аясында жергілікті мемлекеттік басқаруды жаңартуды саясаттанулық тұрғыда зерттеу бүгінгі күннің  өскелең талабы.

Саяси жаңарудың барлық кешенінің шешімі жағдайдың тұрақсыздануына, азаматтық жанжалдар  мен сілкіністерге жол берілмеуіне  негізделген. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы асығыстыққа өзінің қарсы екендігін үнемі ескерте отырып, саяси реформаларды іске асыру кезінде көп этностық қоғамда рухани келісім мен тұрақтылықты сақтап қалу қажет екендігін түсіндіреді. «Мен эвалюциялық дамудың, яғни қоғамды бірте-бірте, обьективті жағынан даярланған реформалаудың жақтаушысымын» — дейді Н.Назарбаев. Дербес дамудың өткен 20 жылында Қазақстан өзінің ұлттық мүделерін, сыртқы саяси бағдарлары мен іс-әрекеттерінің және ішкі саяси бағдарламасын белгілей алды.

Тақырыптың өзектілігі: Жергілікті өзін — өзі басқаруды аумақтық ұжым тікелей сайлау жолымен, сондай–ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және өзін — өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті өзін — өзі басқару органдарына іс жүзінде танылған қоғамдық өзін — өзі бақару комитеттері, жолдастық соттар, ерікті халық жастары, көше, үй және квартал комитеттері, халықтың өз күштерімен құрған өзге де ұйымдары жатады.

Жергілікті өзін — өзі басқару нысандарына халықтың жергілікті сұрау салуын, жиналыстары мен нысандарын, халықтың тұратын жеріндегі кәсіби және өзге де ерік білдірулерін жатқызуға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты – дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін–өзі басқару тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу.

Жұмыстың негізгі мәселесіне – еліміздегі жергілікті өзін — өзі басқарудың мәні мен қоғам өміріндегі маңызы, оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың І бөлімінде жергілікті басқарудың мәні мен сипаты, шетелдік тәжірибесі келтірілген. Ал ІІ бөлімде жергілікті басқару органдарының қызмет негіздері ашылса, жергілікті басқарудың француздық үлгісі де көрсетілген. ІІІ бөлімде жергілікті басқаруды мемлекеттік тұрғыдан реттеу жағдайлары қарастырылған.

 курстық жұмыс / 39 бет


You must be logged in to leave a reply.