ЖОСПАР
Кіріспе 3

I. Маркетинг жүйесіндегі тауар
1.1 Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны 5
1.2 Тауарды топтастыру 7
1.3 Тауардың өміршеңдік кезеңі 8

II. Жаңа тауарларды өндіру және әзірлеу
2.1 Тауар ассортименті 11
2.2 Жаңа тауарларды әзірлеу стратегиясы 12
2.3 Жаңа тауарды жоспарлау 14
2.4 Жаңа тауарлар: компьютерлер, «Жиллет» ұстаралары 17

Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Бұл курстық жұмысымның мақсаты: нақты жаңа тауарлар болып, олардың қалайша өндіріске енгізілгенінен бастап қалай сатып алына бастағандығын бірнеше мысалдар арқылы көрсетіп шығамыз. Бір сөзбен айтқанда нақты практика мен теорияны байланыстыра жаңа тауар туралы сөз шертуге көшеміз. Тек сонда ғана біз бұл пәннен және осы курстық жұмысты жазуда таңдап алған тақырыбымыздан  біршама деректер жинап білім ала аламыз.

Дюпон компаниясы 130 жыл бойы әскери жарақ пен қопарғыш заттар өндірумен шұғылданды. Осы ғасырдың жиырмасыншы жылдарының ортасында ол алғаш рет басқа бағыттардағы ғылыми зерттеулер жүргізе бастады, оның ішінде ғылыми және өнеркәсіптік ізденістердің мүлдем жаңа саласы полимерлік химия бар еді, ал бұл сала бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында Германияда дами бастаған болатын. Бірнеше жыл бойғы ғылыми ізденістерден еш нәтиже шықпады. Компанияның әлі де талай жыл жолы болмай жүре берер ме еді, қайтер еді, егер 1928 жылы ассистенттердің біреуі демалыс күндерінің алдында шәугім тұрған пешті жанып тұрған күйі ағытпай кеткен жағдай болмаса. Дүйсенбі күні таңертең лабораторияның жетекші химигі Уоллас Каротерс шәугімнің ішіндегінің қатып қалған талшықты бірдеңеге айналғанын көрді. Көрді де зерттемекке ынта қойды. Осылайша лаборатория жаңа материал шығаруға кірісті. Дюпон компаниясында жұмыс істеген ғалымдар синтетикалық нейлон материалын жасауды жолға қойғанша тағы бір он жыл өтті. Алайда қызығы басқада еді. Бұл сияқты жағдайлар немістің аса ірі химия компанияларының лабораторияларында талай болған. Полимерлік материал алудың амалын, әрине, бұлар да іздеген: немістер Дюпон компаниясында нейлон алынғаннан он жыл бұрын-ақ бұл нәтижеге жетіп, жоспарда жоқ эксперименттердің нәтижелерін елемеді, кездейсоқ алынған талшықтарды тастай берді, сөйтіп көзделген ниетке сәйкес бәрін жаңадан бастаумен болды.

Міне осылайша жаңа нейлон талшықтарынан жасалатын тауарлар сериясы (нейлон парашюттер, нейлон плащтар, нейлон колготкилер т.б.) пайда болып бүкіл әлемде Дюпон фирмасының аты қайтадан дүркірей көтерілді.

Бұл курстық  жұмысымның өзекті  мәселесі: жаңа тауарлардың пайда болуы, оларды жетілдіру және айналымға енгізу өте күрделі мәселе екендігі айқын. Жаңа тауарларды бірден сатып алу шындығына келгенде өте қиын, себебі адам баласының көпшілігі жаңа, өзіне танымал емес тауарлардан бойын аулақ ұстайды. Тек аз  ғана бөлігі мұндай жаңа тауарларды қабылдап оларды сатып алуға құлшыныс білдіреді.

курстық жұмыс / 25 бет


You must be logged in to leave a reply.