МАЗМҰНЫ

Кіріспе…4

І-тарау. Тұтынушының мінез-құлқының теориялық ерекшеліктері..7
1.1 Тұтынушы тұлғасы және оның қажеттіліктері …7
1.2 Сатып алушы сипаттамасы….13
1.3 Сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісі…19

ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында тұтынушы мінез-құлқын оқуды әдістемелік қамтамасыз ету 25
2.1 Қазақстан Республикасында тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуы 25
2.2 Иіс суына тұтынушылардың талғамын анықтаудағы маркетингтік зерттеу 29

Қорытынды 34
Пайдаланылған әдебиетердің тізімі 36

Кіріспе

Біздің бәріміз тұтынушымыз. Біз күнделікті тұтынатын тауарларды сатып алып жатамыз, яғни сатып алу кезінде біздің саудаласуымызға, сатып алу жөніндегі шешімге келуімізге әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Осының барлығы қазіргі таңда маркетингте толығымен зерделеніп, қорытылады да белгілі бір тауарларды сатуға, оларды жылжытуға және де осы мәліметтерді алуан түрлі қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ маркетингтік зерттеудің барлығы бірдей табысқа жетелейді десек қателесер едік. Кейде жан-жақты зерттеулердің өзі де үлкен шығындарға соқтыратын кездері де болады. Дегенмен, Фома Аквинскийдің сөзі осындайда ойға келеді. Ол ойшыл былай деген екен: «Егер де кеме капитанының мақсаты кемені аман сақтау болатын болса, онда ол кемені жағалаудан шығармас еді». Сондай-ақ біздер де маркетингтік зерттеулерді ұштай түсуіміз керектігі күмән тудырмаса керек.

Маркетинг — экономикалық дамудың өзекті проблемаларын жан-жақты талдай отырып, бүгінгі таңдағы уақыт талабына сәйкес келетін әрі келешекке бағыт сілтейтін қызмет түрі болып табылады.

Маркетинг концепциясының жаңалығы мен құндылығы сонда, ол экономиканың негізгі құрамы: өндірісті, сауданы және адам тіршілігінің мұқтажын өзара ынталы әрі біртұтас қарым-қатынаста қарастыруға саяды.

Ал маркетингтің мақсаты нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюнктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының дұрыстығын дәлелдеу. Қорыта айтқанда, маркетинг — тауарға деген мұқтаждықты тауар алмасу арқылы қанағаттандыруға бағытталған қызметтің өмірлік маңызды түрі. Маркетингтің, әлеуметтік негізі — халықтық төлеу қабілетіне қарай сұранысын өтеу болғандықтан, оның қалайда адам мүддесіне қатысты екендігі байқалады.

Маркетингтің өндіріс пен тауар саудасын ұйымдастыру арқылы тұтынушыға нақты көрсетуге қатысты қабылдайтын шараларының жалпы мазмұны мынаған саяды: сұраныс құрамы және оның өзгеру динамикасы, тұтынушылардың талғамы мен қалауы жөнінде сенімді де айқын мәліметтер жинау; сұраныс талабына сәйкес келіп, мұқтаждық проблемасын шешуге қабілетті әрі бәсекеге төтеп беретін тауар өндіруді ұйымдастыру; сондай-ақ тауар сату жүйесін мүмкіндігінше неғұрлым жіті бақылап отыруды қамтамасыз ету ол үшін: тұтынушыларға, сұранысқа және нарыққа тиісті дәрежеде ықпал етуді іске асыру. Маркетингке қойылатын осынау талаптар әрбір жекелеген жағдайда қажетті мазмұнмен толықтырылып отырылады.

Міне осы себепті де біз қарастырып отырған тақырып өте өзекті тақырып болып табылады.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тұтынушының мінез-құлқын зерттеу». Курстық жұмыстың мақсаты: тұтынушының мінез-құлқын, қажеттіліктерін зерттеу, тұтынушылардың түрлерін анықтау. Кәсіпорын жұмысына, стртегиясына, миссиясына тұтынушылардың мінез-құлқының әсерін анықтау және т.б. мәселелерді қарастыру.

Жұмысты жазу барысында жұмыстың басты мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді белгіледім:

  • Тұтынушылардың мінез-құлық үлгісін, оның құрамдастарын, сонымен қатар, олардың түрлерін, қажеттіліктерін анықтау.
  • Тұтынушылардың тауарды сатып алуға итермелеуші факторларды және тұтынушының жауап қайтару реакциясын анықтау, талқылау және тұжырым жасау.
  • Қ.Р-дағы тұтынушылардың мінез-құлқының қалыптасу үдерісін зерттеу

Курстық жұмыстың сипаты: жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тұтынушылардың мінез-құлқын білуде кәсіпорын үшін қажеттілігі, жұмыстың мақсаты, міндеттері және сипаты қарастырылады.

Бірінші тарауда тұтынушы тұлғасы және олардың қажеттіліктері, сатып алушы сипаттамасы, сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісі туралы айтылады.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасында тұтынушы мінез-құлқын оқуды әдістемелік қамтамасыз ету, Қ.Р-да тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуы, иіс суына тұтынушылардың талғамын анықтаудағы маркетингтік зерттеулері қарастырылған.

Қорытынды бөлімде курстық жұмыстың тақырыбына байланысты негізгі түйіндемелер жасалып, кәсіпорын жұмысын жақсартуға байланысты ұсыныстар беріліп, басты қорытындылар жасалады.

Жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін, баспасөз бетінде жарияланған материалдарды да қолдана отырып жасалған тұжырымдар келтіріледі.

  Курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.