26. декабря 2011 · Комментарии к записи ТУРИСТІК НАРЫҚ МАРКЕТИНГТІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ отключены · Categories: Маркетинг, Менеджмент, Лизинг

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……….6

1 ТУРИЗМДЕГІ МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……..9
1.1 Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны………..9
1.2 Туристік нарық және оның ерекшелігі…………….20
1.3 Туризмде маркетингтік зерттеулердің алатын ролі………26

2 ТУРИЗМ НАРЫҒЫН МАРКЕТИНГТІК ТАЛДАУ (ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ МӘЛІМЕТТЕРІ МЫСАЛЫНДА)….38
2.1 Аймақтағы туризмнің жалпы жағдайы……….38
2.2 Аймақтық туристік нарықты маркетингтік зерттеу……43
2.3 Туристік нарықты маркетингтік талдау………….53

3 ТУРИСТІК НАРЫҚТАҒЫ МАРКЕТИНГТІК ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ….59

ҚОРЫТЫНДЫ………69
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..73

КІРІСПЕ

Туризм — әлемдік экономикалық маңызды, тез қарқынмен дамып келе жатқан саланың бірі болғандықтан, туризм саласын зерттеу, оның өзекті мәселелерін анықтау және шешу жолдарын іздестіріп, ұсынысты ортаға салып талдаудың маңызы зор.

Туризм қызметіндегі маркетинг ең алдымен ғылым емес, өнер болып табылады. Ол тәжірибеде қолданушылардың шығармашылық бағытын және кез-келген кездескен мәселе тәжірибелік тапсырманың стандарттық емес шешімін талап етеді. Туризм көптеген дамыған  және дамушы елдер үшін валюталық түсімдердің қайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері мол.

Дипломдық жұмыстағы бұл тақырыптың өзектілігі, өкінішке орай  туризмде маркетингке көп көңіл бөлінбей тұр. Туристік нарықты талдағанда, нарық тұрақты өзгерістерге бейімделгендіктен оны әдетте үзіліссіз зерттеп отыруды көрсетеді. Осыған байланысты туристік қызметті ұйымдастыруда маркетингтің маңызы зор.

Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында туристік бизнес саласын қарқынды дамыту болып табылады.

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, тереңдеп бара жатыр.  Тек қана жарнама, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында қолданады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістіктерге жету және сыртқы орта өзгерістерін бейімделуі үшін стратегиялық маркетингтік жоспар  құру сияқты мәселелерді қарастыру жұмыстың міндеті болып табылады.

Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде, Қарағанды облысының жалпы туризм жағдайын зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындаудың теориялық және әдістемелік негізі болып Қазақстан Президенті мен Үкіметінің заңнамалық базалары және қабылданған бағдарламалар мәліметтері, оқулықтар, оқу құралдары, мерзімді басылымдар, интернет ақпараттары, зерттеу жұмысының нәтижелері табылды.

Туристік қызметті өндірушілердің ерекшеліктеріне жатқызуға болады: туристік қызметтерді өндірушілер — әр түрлі мақсаттары бар профилі және мамандануы (мысалы, туроператорлар, турагенство, мейманхана, қонақ үйлер, турбюро және т.б.) әр түрлі тур кәсіпорындардың саны. Осы жерде маркетингтің бірнеше деңгейін қарастырады: мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар. Туристік кәсіпорындардың әр түрі үшін өз арнайы маркетингі болуы қажет, өйткені туризм күрделі жүйе, экономика, саясат, әлеумет, экология және мәдениет симбиозы, оң маркетингтің әсерге жету үшін мұнда осы салада жұмыс істейтін әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың тығыз маркетинг координациясы қажет. Маркетинг концепциясы осы салада жалпылық сиптта болады.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында, Қарағанды облысындағы қазіргі таңдағы туризм  саласының жағдайы мен жақын және алыс шет елдермен отандық туризмімен байланысы кестелік және сандық түрде қарастырылған. Бұл тарауда статистикалық жинақтың мәліметін қолдана отыра, мемлекеттегі туризм жағдайы бағаланды, сонымен қатар сандық мәліметтерге сай Қарағандының шет елдермен байланысын және болашақта туризм аясында перспиктивалары бар нарықтары анықталды

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында, Қазақстанда туризмді дамыту үшін мемлекеттің қажеттілігі айқындалды, яғни мемлекет тарапынан қабылданаған заңдар мен бағдарламалар қарастырылды. Қазақстан туризмін дамыту стратегиясын әлем нарығына шығаруды қолға алуда. Бұл стратегия туристік имиджді қалыптастыруда әртүрлі шарттарды енгізеді: ұлттық брендтермен логотиптерді дайындау, жарнамалық роликтер мен видеофильмдерді түсіру, оларды әлем телеарналарынан көрсету Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру және Қазақстанды туризм елі ретінде алға жылжыту шеңберінде мынадай шаралар қабылдау қажет:

— туризмнің экономикалық көрсеткіштері өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру және оны кең ауқымды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

— халықаралық маңызы бар «белсенді» туристік жобалар әзірлеу және оны іске асыру;

— көлік инфрақұрылымын және туристік қызмет көрсетулер нарығын дамыту;

 Дипломдық жұмыс / 73 бет


Comments closed.