Жоспар

Кіріспе………3

І. Тауар және тауар өткізу саясатының теориялық негіздері
1.1 Тауардың мәні, түрлері, қызметтері…………..5
1.2 Тауар айналымы және тұтыну құны…………6

ІІ. Тауар өткізуді жоспарлау
2.1 Тауардың өткізілу қабілеттілігін жоспарлау……………9
2.2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау………….13
2.3 Рынок сыйымдылығы және тауар өткізу көлемін жоспарлау…18
2.4 Тауарды өткізудегі жарнаманы жоспарлау…….…20
2.5 Тауар өткізудің ақырғы жоспары………….21
2.6 Тауардың өткізілу қабілеттілігінің шекарасы……….22

ІІІ. Тауарларды көтермелеп сату формалары және оларды қолдану шарттары…….24

Қорытынды………27
Пайдаланылған әдебиеттер………29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тұтыну биржасытауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:                                                                        1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады.                                                        2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерімен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес.                                                                            3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.

Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса құрал-жабдықтар өндірістік талғанды қанағаттандырады.

Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек падамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен,и тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзіндік өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Таурлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек – физиологиялық мағынада адам күшін жұмсау.

Кустық жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты – тауар өткізуді жоспарлау саясатын және оның даму беталысын  қарастыра отырып зерттеу болып табылады.  Бәсекелі нарықтық экономика өз ресурстарын жоғары деңгейлі тиімділікпен пайдалануға және бөлуге ықпал жасайды.

Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункт мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады:

— қысқа мерзімдік: өнімнің әр түрін өткізу (көлемі және құны), географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және құны), бәсекелестер бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты нұсқаулар, қор деңгейі;

— орташа мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы өткізу, бағалар, жалпы экономикалық жағдай, рынокқа тауар жеткізілуінің ерекшеліктері, жаңа өнімдерді енгізу;

— ұзақ мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы көлемі, рынок орындарына тауарды толтыру, жаңа өнімдерді енгізу, рыноктағы бұрынға өнімдерді әкету, маркетингті зерттеудің маңызды ерекшеліктері, т.б.

       Курстық жұмыстың міндеттері.

—         Тауар өткізудің мәнін, түрлерін зерттеу;

—         Тауар өткізу саясатын;

—          тауардың мәніне, атқаратын қызметтерін қарастыру;

—          тауар – ақша мәселелерін зерттеу;

Курстық жұмысының құрылымын негіздеу. Зерттеу курстық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

 курстық жұмыс / 29 бет


You must be logged in to leave a reply.