Мазмұны

Кіріспе……….3

1.Бөлім. Сапа жүйесін сертификаттаудың теориялық аспектілері және ережелері…….5
1.1 Сапа жүйесін сертификаттау………………5
1.2 Кәсіпорындағы сапа жүйесін сертификаттауға дайындау…………7
1.3 Сертификаттау жүргізудің экономикалық проблемалары……12

2.Бөлім. « Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдар Корпорациясы» зауытындағы сапа жүйесін сертификаттау…14
2.1 «Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдар Корпорациясы» зауыты және шығаратын өнімі туралы жалпы мағлұмат….14
2.2 Силикатты кірпішті жасау кезіндегі технологиялық процестің сипаты……..20
2.3 Өнеркәсіптердегі сапа жүйесін сертификаттау ерекшеліктері………………….26

3.Бөлім. Кәсіпорындағы сапа жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстар…………….32
3.1Сапаны қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар……………………32
3.2 Кәсіпорынды қажетті ресурстармен қамтуға байланысты ұсыныс…….34
3.3 Инвестициялық іс-әрекетті ұйымдастыруға қатысты ұсыныс……34

Қорытынды…………..35
Пайдаланылған әдебиеттер………37

Кіріспе.

Сертификаттау қазіргі заманда көп елдерде нарық және сапа мемлекеттік менеджменттің маңызды элементтерінің бірі – ішкі және сыртқы нарық біздің өнімдер мен қызметтердің міндетті түрде бәсекеге түсу жағдайына байланысты.

1991 ж. Қазақстан Республикасында «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң қабылданды. Сондықтан біздің елде 1993 жылы өнім мен қызмет сапасын бағалау жүйесі қабылданды.

Қазақстанда мемлекеттік сертификаттаудың дамуы 1993 жылы 18 қаңтарда стандарттау және сертификаттау заңын қабылдаудан басталды. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің № 411, 1993 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында міндетті түрде өнімдерді сертификаттауды кезең кезеңмен енгізу» қаулысымен міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер тізімдері анықталды. Бұл қаулы бойынша бақылау отандық және шет мемлекеттік өнімдерді сертификатсыз ішкі нарыққа рыноққа сатуға болмайды.  Бұл қаулы орнына 1997 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы үкіметінің «Стандартар немесе нормативті құжаттардың міндетті талаптарын, оның өмірге, адамдар денсаулығына, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сәйкестілікке міндетті сертификаттаудан өтетін өнімдер тізімін бекіту туралы» № 1112 қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Республикада Мемлекеттік Сертификаттау жүйесінің дамуына жақсы жағдай жасалған.

Сертификаттау жүйесі – жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша іске асырылатын сертификаттауға қатысатындардың жиыны. Сертификаттау жүйесінің сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған ережелері мен басқару процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейде құрылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі деп –   сертификаттау саласында өзіне тән компетенциясы жаңа нормативті құжаттар  бойынша Қазақстан Республикасында сертификаттау және аккредитация бойынша жұмыстарын жүргізу тәртібін бекітуге арналған мемлекеттік басқару, сенімді және заңды адамдар бас қосуын айтады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында біртұтас саясатты жүргізуді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен сынау зертханасына қойылатын талаптарды және оларды аккредитациялау процедураларын сертификация бойынша эксперт-аудиторларды дайындау мен аттестациялауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін мемлекеттік реестрлеу, аудит пен инспекциялық бақылау, сертификаттау мақсаттарын іске асыруға арналған басқа да талаптарды бекітуге арналған.

Сертификаттау заңдары Қазақстан Республикасының сертификаттау және басқа да нормативтік-құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдарынан тұрады. Қазақстан Республикасы экономикасындағы өзгерістерді есепке алу негізінде 1999 жылы ҚР Стандарттау және сертификаттау заңының орнына Халықаралық заңдарға негізделген 2003 ж. 10 маусымда жаңарған және қосымша енгізілген ҚР Сертификаттау туралы заңы қабылданды. Заңда сертификаттау мақсаты, сертификаттау ұлттық органы анықталған және оның әрекеттерінің негізгі бағыты берілген. Қазақстан Республикасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезде жалпы қолдану бар 100-ден астам нормативті құжаттар жұмыс істейді.

Өнім, қызмет, сапа жүйесін және өндірісте сертификаттауды өткізу ережесі келесі стандартта жазылған: 3.4. ҚРСТ; 3.5. ҚРСТ; 3.7. ҚРСТ; 3.9. ҚРСТ; 3.13. ҚРСТ; 3.15. ҚРСТ; 3.15.3. ҚРСТ; 3.17. ҚРСТ; 3.21.ҚРСТ; 3.23. ҚРСТ; 3.24. ҚРСТ; 3.26. ҚРСТ; 7.2.ҚРСТ да сертификация бойынша органдарға қойылатын талаптар және оларды аккредиттеу тәртібі берілген; 7.3. ҚРСТ лабораторияларға қойылатын талаптар және оларды аккредиттеу тәртібі берілген. Міндетті түрде сертификат алатын өнімге нормативті құжаттар ішінде міндетті сертификаттау іске асырылатын талаптар болуы қажет, яғни бұл талаптарға сәйкес бақылау әдістері, өнімді белгілеу ережелері, сертификаттау туралы мағлұматтар болуы қажет.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы  : «Сапа жүйесін сертификаттау» болып табылады. Курстық жұмысымның мақсаты —  кәсіпорындарда сапа жүйесін сертификаттау жұмыстарын жүргізудің тәртібін анықтау, сапа жүйесін сертификаттау кәсіпорынға өте зор пайда әкелетінін көрсету, кәсіпорында сапа жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстарды ұсыну.

курстық жұмыс / 27 бет


You must be logged in to leave a reply.