МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТОЕРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні мен маңызы
1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру

II. «Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ

2.1 Даму Банкі және олардың экономикалық рөлі
2.2 «Қазақстан Даму Банкі»АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау

III. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «2030 жылы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз. Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді»,- деп Елбасымыз Қазақстанның болашақтағы гүлденуінің негізгі алғышарты экономикалық дамудың жоғары қарқыны мен нысаналы экономикалық реформалар екендігін айтқан болатын.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің бірінші деңгейіне жатады. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің екінші деңгейіне жатады.

Екінші деңгейлі банктер халыққа түрлі банктік қызметтер көрсетеді, сол операциялары нәтижесінде пайыздық және басқа да комиссиялық табыстарды алады. Яғни, еліміздің экономикасының одан әрі жедел қарқынмен дамуы үшін біз қазіргі кезде жетіп үлгірген секторларды жаңғырта жаңару қарқыны жеделдетуіміз керек. Елбасымыздың бұл сөздерін еліміздің жеке секторлардың өкілдері де қолдайды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы экономистерінің бірі, «Казкоммерц Инвест» АҚ-ның Басқармасының төрағасы Сарсенбаева Ж.И.: «Шетел инвесторлары Қазақстанды инвестициялық климаты бойынша тартымды елдер қатарына қосады. Ол дегеніміз Қазақстан Даму Банкіне қосымша жұмыс болып табылады»,- деп айтқан болатын /5, 13б/.

Елдің экономикасы үшін екінші деңгейлі банктердің маңызы зор және сонымен қатар олардың қаржылық жағдайы мен тұрақтылығының деңгейінің де жоғары болуы маңызды. Егер де мемлекеттің қаржы нарығы тұрақты, банктерінің қаржылық жағдайы жақсы және сенімді болса, онда елдегі басқа да экономикалық салалар одан әрі дами түседі, өндіріс көлемі артады, яғни халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Еліміздің беделді қаржыгерлердің бірі Бикбаев А. өзінің бір сөзінде: «Жаһанданудың күшеюі және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында елдің бәсекеге қабілетті банк жүйесін дамыту бойынша жұмыстар жүргізу керек. Халықаралық нарықтарда Қазақстанның қаржылық институттарының белсенді қызметі әмбебап тәжірибе алуға мүмкіндік береді, елімізге деген инвестициялық қызығушылықты арттырады, арзан және ұзақ мерзімді қаржылық қаражаттарды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Осы мәселелерді ары қарай дамытуда Қазақстан Даму Банкінің орны еркше.»,-деп отанымыздың қаржылық нарығының тұрақтылығы мен экономикамыздағы банктердің, соның ішінде, Қазақстан Даму Банкінің орнын көрсетті.

Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты – банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу болып табылады.

Мақсатпен байланысты курстық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін бөлуге болады:

  • банктердің инвестициялық қызметін талдаудың теориялық негіздерін зерттеу;
  • «Қазақстан Даму Банкі» Акционерлік Қоғамының инвестициялық портфелін талдау және бағалауды жүргізу;
  • банктердің инвестициялық портфелін басқарудың жетілдіру жолдарын іздеу.

Жұмыстың зеттеу заты банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқару жолдарын анықтау болып белгіленді.

Жұмыстың зерттеу объектісі – «Қазақстан Даму Банкі» Акционерлік Қоғамының инвестициялық портфелі.

Курстық жұмыстың жазылу барысында Сейтқасымов Г.С., Мақыш С.Б., Печникова А.В., Игонина Л.Л., Лаврушин О.И., Коробовой Г.Г., Буевич С.Ю. және тағы басқа ғалымдардың жазған еңбектері, оқу-әдістемелік құралдары арқау негізінде қолданылды.

курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.