Мазмұны

КІРІСПЕ ………3

І. Сапа және оның теориясы ……..5
1.1 Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі ………
1.2 Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы …….6
1.3 Сапа көрсеткіштері …….9

ІІ. Сапаны басқару ……..11
2.1 Өнім сапасын басқару жүйесі…
2.2 Стандарт және стандарттау ұғымы ……….12
2.3 Сапаға қойылатын талаптар ……….16

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру……….18

Қорытынды ……..27
Пайдаланылған әдебиеттер………28
Қосымша…..29

КІРІСПЕ

                                                                    Жаңашыл өзгерістерді –  тек

жетілген басқару алып келеді.

У. Эдвард Деминг

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы-өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.

ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдерді ұсыну. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей мұндай жетістіктерге тек сапаны кешенді басқару арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан сапаны тиімді басқару мәселесі, отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өте маңызды. Өнімнің сапасын және техникалық деңгейін жетілдіру – ҒТП–ның және өндірістік тиімділіктің артуына, сонымен қатар экономиканың интенсивті дамуына, отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін және елдегі халықтың өмір деңгейінің өсуіне жол ашады.

Өнімнің сапасын көтеру – кез келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП–ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз.

Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі негізгі екі фактор арқылы анықталынады:

1. Өнімнің бағасы

2. Өнімнің сапасы

Қазіргі таңда өнімнің сапасы бірінші орынға қойылуда. Сондықтан кәсіпорында сапа менеджментін енгізу өзекті мәселе болып отыр.

Кәсіпорын өнімінің сапасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бұл кәсіпорын бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Кез келген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімінің немесе қызметінің сапасымен анықталады. Тұтынушылар әрқашан сапалы өнімді төмен бағамен сатып алуды ұнатады. Мұндай талаптарды бизнестің эволюциясы арқылы көруге болады. Мәселен: 1950 жылдары бизнестің негізі: «өндірістік шығындар мен тарату шығындары + қажетті табыс = баға» болса, ал 1990 жылдары нарықтағы бәсекелестіктің артуына байланысты бизнестің шарты өзгерді. Өндірушілер келесі формуланы қолдана бастады: «нарықтық баға — өндірістік және тарату шығындары = пайда»

Сапа – бұл бірнеше анықтамалардан тұратын өте күрделі философиялық, экономикалық және әлеуметтік категория болып табылады. Әдетте біз сапаны – белгілі бір критерияларға, нормаларға, талаптарға, стандарттарға сүйене отырып анықтаймыз.

Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) сапаға келесідей анықтама береді: «Сапа – бұл өнімдер мен қызметтер құрамындағы жиынтық қасиеттері арқылы сертті және болжамдалған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті.» (ИСО 8402-94)

Сапа түсінігімен келесідей түсініктер тығыз байланысты: өнімнің техникалық деңгейі, тауардың бәсекегеқабілеттілігі, сапа көрсеткіштері, сапа ілгегі және т.б.

Нарықтың жоғарғы технологиялық деңгейдегі бұйымдар мен сапалы тұтыну тауарларына толығуы – экономиканың толық өркендеуінің белгісін көрсетеді. XX–шы ғасырдың 80-ші  жылдары бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз етуде сапа негізгі маңыздылыққа ие болды. Әлемдік нарықта тұтынушылардың 80 пайызы тауарды сатып алуда бірінші оның сапасына мән берді. Мәселен: Батыс Еуропа елдерінде кейбір тауарлар сапа сертификатынсыз нарыққа шығуына рұқсат етілмейді. Ал, басқа да сертификатталмаған тауарлар, сертификатталған тауарлардан екі есе төмен бағамен сатылуы тиіс деген заңнамалар бекітілген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1-наурыз 2006 жылғы Қазақстан халықтарына жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды». Бұл жұмыстың мақсаты осы стратегияға байланысты отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату тәсілдерін іздеу. Өнімнің сапасын жетілдіруде сапаны басқару жүйесінің халықаралық тәжірибесін қолдану, оның ішінде ИСО 9000 сериялы стандарттарын енгізу қажеттілігін айқындау.

 курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.