МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ
1.1 Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік 5
1.2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру және оларды іске асыру жолдары 7
1.3 Шетелдік тәжірибе: Қазақстан Республикасында қаржы менеджментінің инвестициялық стратегиясы мен тактикасын қолдану тиімділігі 9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 АҚ «Тұран Әлем Банкісінде» пайыздық тәуекелділікті қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асыру  әдісінің механизмі 12
2.2 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін оперативті басқарудағы кешенді саясат матрицасын талдау 14
2.3 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау 16

3 ҚАЗІРГІ ЭТАПТА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Ағымдағы активтерді және ағымдағы пассивтерді оперативті басқару кешені және бағалық шешімдерді қабылдау принциптерінің мәселелері 19
3.2 Кәсіпорынның қаржылық процесі шаруашылығында қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асырудағы механизмінің жетілдіруге 20
бағытталған шаралар

ҚОРЫТЫНДЫ 23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

ҚОСЫМШАЛАР 26

КІРІСПЕ

 Біздің еліміздің халықтық шаруашылығынан нарықтық экономикаға көшу кезінде кәсіпорындар, фирма басшылығында күрделі өзгерістерді қажет етеді. Бұл осындай іс-әрекетті жасайтындардың барлығына қатысты. Бұл процесте маңызды рөлді кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық қызметіне, ал нақтылай айтатын болсақ, ол – қаржыларды басқару атқарады

Фирманың қаржылық ресурстарының қозғалысын зерттейтін, кәсіпорынның сыртқы және ішкі процестерін талдайтын  экономикалық ғылымның ауданы Батыста қаржылық менеджмент деген атқа ие  болды.   Қазақстан Республикасында бұл термин кәсіпорынның қаржылық ағым қозғалысын қарастыратын білім саласында мықты бекінді. Осыдан, біз біздің мемлекетімізде қаржылық менеджмент түсінігі Батыстағы сияқты адамдардың қызмет сферасы ретінде (теориялық және тәжірибелік) қалыптасқанын көреміз. Алайда, бізде бұл сала түрі өзіндік спецификалық сипаттамаларға ие.

Қазақстан Республикасының экономикасы әлі бірқалыпты нарықтық түрде емес. Ол – советтік экономика түрінен нарықтық түріне ауыстырылған өтпелі экономика болып табылады. Біздің мемлекетімізде кәсіпорындардың есебі мен статистикасындағы батыстық стандарттарына сәйкес келмейтін нәрселер өте көп.  Сондықтан арнайы зерттеулер жүргізбей, біз батыстық үлгідегі қаржылық менеджментінің теориясы мен тәжірибесін қолдануға мүмкіндігіміз жоқ.

Қазақстанның қаржы менеджменті әзірше әлі  қалыптасып келеді. Осы  жұмыстың көрінісі  Қазақстан Республикасында кәсіпорынның статистикасын және есепке алу спецификасын есепке ала отырып, өздігінен қаржы менеджмент теориясын қолдануға талпыныс жасау болып табылады.

Осы курстық жұмыста қаржы менеджментінің объектісі ретінде кәсіпорын (фирма), ал қызметтің мотиві ретінде кәсіпкерлікті қарастырады. Оны осы курстық жұмыстың құрылымынан да байқауға болады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпорындағы қаржыларын басқару сұрақтары талданады.

Сондай-ақ жеке түрде қаржы менеджментінің стратегиясына қатысты (фирманың өмірлік цикліндегі инвестициялық жобаны таңдау және инвестициялардың рөлі) және қаржы менеджментінің тактикасы туралы (фирманың айналым құралдарының айналымын жылдамдату, кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктерін кері мөлшерге айналдыру және ағымдағы активтерді және ағымдағы пассивтерді басқарудың кешенді саясатын таңдау) сұрақтар қарастырылады.

Қаржы менеджменті – бұл кәсіпкерлікті үлкен мөлшердегі ақша ағымдарын басқаруда және оптималды қаржылық шешімдерді табуда қаржылық қамтамасыз етудің стратегиясы мен тактикасы.

Қаржылық менеджмент өндірістік процестерге қатысатын құралдардың бағалар құнының жиынтығын басқарудың күрделі жүйесін және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды қамтамасыз ететін ақшалық капиталдың жиынтығын өндірумен айналысады.

Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызметтің басымдылықтарын және масштабтарын анықтайтын қаржылық қамтамасыз етуді басқаратын тиімді нысан болып табылады. Мұнда қарастырылған қаржылық менеджменттің концепциясының негізі меншік қатынасына тиген қоғамның экономикалық базасында өзгеріс болып саналады. Тек қана осы өзгерістер кәсіпкерлік құрылымдардың қаржылары және жалпы мемлекеттік қаржылар арасында нақты шек қоюды қамтамасыз ете алуы мүмкін.

Қаржы менеджментпен тек қана кәсіпорындардың және банктердің стратегиясы мен тактикасы туралы ақпараттары бар және олардың  клиенттер және бәсекелестермен, жабдықтаушылар және тұтынушылармен, акционерлермен, қаржылық және салық органдарымен, сақтандыру компаниялармен, институтционалды инвесторлармен қарым-қатынастары туралы толық ақпараттары бар профессионалдар айналысуы керек.

Стратегиялық және тактикалық шешімдер ұзақ мерзімді уақыт өткеннен кейін ғана бағаланады және оларға тек өз кәсіпорынның  болашағына сенімді кәсіпкерлер мен қызметкерлер ғана қызығушылық танытады.

Кәсіпкерлік құрылымдарда қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасын қолданған кезінде қаржылық жұмыста  қаржыландыру мен ұйымдастыруды одан әрі жандандыратын, өндіріс көлемінің және сатудың, пайданың өсуін, шығындардың азаюын қамтамасыз ететін капиталдың құрылымын оптимизациялайтын, активтердің өтімділігін, материалдық және қаржылық ресурстардың тепе-теңдігін жоғарлататын кең резервтер ашылды.

 курстық жұмыс / 31 бет


You must be logged in to leave a reply.