Мазмұны
Кіріспе 3
I БӨЛІМ. Лизингтің теориялық негіздері 4
1.1. Лизингтің пайда болу тарихы және мәні 4
1.2 Лизингтің жіктелуі 6
1.3. Лизингтік операциялардың түрлері 10
1.4 Лизинг операцияларының бухгалтерлiк есебi 14
II БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі. 17
2.1. Қазақстан Респуликасының қаржы нарығындағы лизингтік компаниялардың қызметіне талдау 17
2.2. Лизинг Қазақстан экономикасын көтеру құралы ретінде 26
2.3. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесiн дамыту жолдары 31
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер 37

Кіріспе

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығының салаларының кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.

Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.

Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады.

Осы тәжірибелік жұмысында Қазақстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың тәжірибиесін; лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі факторларға талдау жүргізілген.

Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ; екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептеймін. Зерттеудің негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып Қазақстандағы даму жолдарын іздеу.

 Курстық жұмыс / 38 бет


You must be logged in to leave a reply.