28. декабря 2011 · Комментарии к записи НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ РОЛІ отключены · Categories: Маркетинг, Менеджмент, Лизинг

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ……3

1 БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК……4

2 БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ…..6
2.1 Жетілген бәсеке……..6
2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке….11

3 ТАУАРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ…………16
4 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ….18

ҚОРЫТЫНДЫ……23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……..24

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни экономикада бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.

Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.

 Курстық жұмыс / 24 бет


Comments closed.