Мазмұны

Кіріспе 3
1 Маркетингтік зерттеудің теориялық негіздері
1.1 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі 5
1.2 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері 7

2 Кондитерлік өнімдер нарығындағы маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру
2.1 «Рахат» АҚ кондитер фабрикасының жалпы сипаттамасы және маркетингтік қызметіне талдау 8
2.2 Қазақстан кондитерлік өнімдер нарығын маркетингтік зерттеу 15

3 «Рахат» АҚ кондитер фабрикасының маркетингтік зерттеуді ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары
3.1 «Рахат» АҚ кондитер фабрикасының маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыруын бағалау 21
3.2 «Рахат» АҚ кондитер фабрикасының маркетингтік қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

       Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен  тұтыну арасындағы орамдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.

«Рахат» АҚ-ның  маркетингтік  зерттеулердің  міндеттеріне  мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжыту мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын, олардың талғамдарын нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарларын, макроортаны талдау. Бұл маркетингтік зерттеулерде статистика, эконометрика, математика, әлеуметтану, психология сияқты әр түрлі ғылымдар әдістемелері қолданылады.

Маркетингтік зерттеулердің мақсаты — сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы арқылы сатушылардың пайдасын көбейту.

Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірбиеге, қуатты экономикалық әлеуетке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.

Қазіргі ХХІ ғасыр заманында тұтынушы талғамы әр қилы болып келеді. Олардың кондитерлік өнімге деген сұранысы мен талабы, қалауы мен қанағаттану дәрежесі сан түрлі және ұдайы өзгеріске ұшырауда. Осыған байланысты таяуда жүргізілген зерттеулерге келсек, олар келесі ақпараттарды беруде.

Еуромонитор Интернейшнл мәліметтері бойынша  кондитер өнімдерінің әлемдік  нарық  сыйымдылығы  2005 ж. 154 млн. тоннаны құрайды және жалпы тауарайналым 95 млрд. АҚШ долларын құрайды. Болжамдар бойынша 2007 ж. салыстырғанда кондитер өнімдері 2012 ж. әлемдік нарық сыйылымдылығы 16.6 млн. тоннаға жетуі мүмкін немесе 10.7% өсуі мүмкін және тауарайналымы 117 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Кондитер өнімдерін өндіру жер шарының көптеген мелекеттерінде зор дамыған. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бельгия мемлекеттерінде аты шыққан тауар маркалары нарықта өз орындарын тауып, дамыған және әлемге әйгілі. Ал дамушы елдерде кондитер өнімдерін өндіру енді қолданысқа, айналымға алынуда. Болжамдар бойынша кондитер өнімдерін өндіру процесі күрт ұлғаятын аймақтар мыналар: Қытай, Латын Америка елдері, Шығыс Еуропа елдері.

Қазақстан Республикасы да кондитер саласын дамытуға өз жігерін қосып, елеулі даму үстінде. Оған мысал ретіде отандық кондитер өндірушілер Рахат, Баян-Сұлу, Қарағанды конфеттерінің жеткен жетістіктерін айтуға болады.

Осы курстық жұмыста кондитер саласының жалпы нарықтық жағдайы мен оның даму процестері туралы, отандық өндіруші Рахат кондитер фабрикасының Қазақстандағы алатын нишасы мен қазіргі даму тенденциясы жайында мәліметтер жазылған.

Қорғау шараларын енгізу қазақстандық кондитерлерді теңсіз бәсекелестіктен қорғауға және мемлекет нарығында өз орнын сақтап қалуға көмектесуге тиіс болды бірақ бұл жағдайда  енгізілген кондитерлік өнімнің  қорғау импорт салықтары ішкі нарықта бәсекелестіктің төмендеуіне әкелді, соның нәтижесінде мемлекеттік ішкі нарықта баға көтерілді.

 Курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.