Мазмұны

Кіріспе…….3

І тарау. Лизингтің экономикалық мазмұны…………..5
1.1. Лизинг ұғымы, мәні мен маңызы……………….5
1.2 Лизингтің жіктемелік белгілері мен түрлері………..8
1.3. Лизингтік операциялардың артықшылықтары мен кемшіліктері……13

ІІ. Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың даму жағдайы…16
2.1.Қазақстандағы лизингтің қазіргі жағдайын экономикалық саралау…..16
2.2. Лизингтік операциялардың экономикалық тиімділігін бағалау…….23

ІІІ. Лизингті қолдану мүмкіндіктерін арттыру жолдары….25
3.1. Дамыған елдер тәжірибесіндегі лизингтік операцияларды жетілді- рудің ерекшеліктері мен тиімділігі….25
3.2. Қазақстан Республикасындағы лизингті дамыту тетіктері…….27

Қорытынды…………31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..33

Кіріспе

Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында басталды.

Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.

Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құбылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы — лизинг болып табылады.

Лизинг ХХ ғасырдың 50 жылдарындағы американдық өнер табысы болып табылады деп есептелінеді. Оны ондаған жылдардан кейін американдық кәсіпкерлер Еуропада, содан кейін Жапонияда пайдаланған. Сонымен бірге лизингтік қатынастар туралы мысалдарды өте ерте кезендерден де кездестіруге болады. IX ғасырда Венецияда саудагерлерге лизинг негізінде саудалық кемелер және сол кезде өте қымбат болған зәкірлер уақытша пайдалануға берілген. Англияда орта ғасырда қазіргі замандағы лизингке ұқсас операциялар дың негізі фермерлік құрал-жабдықтар және аттар болып табылады. ХIX ғасырда Англияда өнеркәсіптің дамуына байланысты лизинг шарттарымен берілетін тауарлардың тізімі көбейе бастады. Бұл кездерде көмір өндіру өнеркәсібінің және темір жол көліктерінің  дамуы ерекше роль атқарды.

Кейбір мамандар «лизинг» сөзінің өзі пайдаланылуға ХIX ғасырдың соңғы ширегінде енгізілген деп есептейді. Мұндай тұжырымға келуге 1877 жылы «Бели» телефон компаниясы тұтынушыларға телефон ақпараттарын сатпай, оларды уақытша пайдалануға беру туралы қабылданған шешімі себеп болған. Соған қарамастан, лизингтің қазіргі кездегі түсінігіндегі отаны АҚШ деп санауға болады.

Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан экономикасының дамуындағы лизингтің, лизингтік компаниялардың маңызын айқындау, артықшылшықтары мен кемшіліктерін талдай отырып, лизингтік операцияларды қолдану мүмкіндіктерін, экономикалық тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыс 3 тараудан тұрады:

І тарауда – лизингтің жалпы экономикалық мазмұны: лизингтің мәні мен маңызы; оның жіктелуі және артықшылықтары мен кемшіліктері;

ІІ тарауда – еліміздегі лизингтік операциялардың дамуы, қазіргі жағдайы және экономикалық тиімділігін бағалау, жалпы лизингтік қызмет нарығының көлемін анықтау жағдайлары;

ІІІ тарауда – дамыған мемлекеттердің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстандағы лизингті жетілдіру ерекшеліктері мен дамыту механизмдері қарастырылады.

Курстық жұмыстың дереккөздері:

— Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі;

— «ҚазАгроҚаржы» АҚ есептік мәліметтері;

—  Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік мәліметтері;

—  салалық әдістемелік материалдары;

—  баспа бетіндегі басылымдар;

—  интернет материалдары  және т.б.

курстық жұмыс / 33 бет


You must be logged in to leave a reply.