МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Маркетингтің теориялық негіздері
1.1.Маркетингтің негізгі принциптері мен функциялары.
1.2. Маркетингтің нарықпен байланысы
1.3. Маркетингті басқару тұжырымдамалары
2. Коммерциялық емес қызмет саласындағы маркетинг
2.1. Коммерциялық емес қызмет саласы
2.2. Коммерциялық емес қызмет саласындағы маркетингтің мәні мен маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 Кіріспе

Маркетинг («marketing» — нарықтық қызмет деген ағылшын сөзі) капиталистік кәсіпорынның өндірістік өткізу және сауда қызметін басқаруды ұйымдастыру тәсілі ретінде XIX-XX-шы ғасырдың басында өмірге келді. АҚШ-да оның басталуын 1901-1905-ші жылдарға саяды. Алғашқыда маркетингті өткізуді ұйымдастыратын тәсіл ретінде қарады. Алайда да қазір маркетингті тауарды бір жаққа өткізу қызметімен шектеп қана қоймайды. Қазіргі кездегі маркетинг үлкен ғылым әрі қызмет аясы болып табылады. Ол бәсекелестіктің дамыған кезінде кәсіпорынның тактикасы мен стратегиясын сатып алушыны қызықтыру тәсілін, нарықты билеу әдісін жасайды және көзделген пайда деңгейін қамтамасыз етуде нарық пен бағаны барынша бақылауды жүзеге асырады. Маркетингтің нағыз даму Еуропадағы дамыған капиталистік елдерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталды. Соңғы жылдары халықаралық көлемде маркетингті қолдану кәдімгідей ұлғайып, осы облыстағы зерттеу аясы кеңи түсті.

Экономикалық әдебиеттерде маркетингтің көптеген анықтамалары кездеседі. Соның біразына тоқталайық.

Маркетинг-қазіргі бар және әлеуетті тауарды сатып алушылардың жиынтығы.

Маркетинг-бұл тауарға, қызмет көрсетуге, адамдарды ұйымдастыру, территорияға және идеяға айырбас арқылы сұранымды қанағаттандыра басқару мен көріп келу деп түсінеміз.

Маркетинг-бұл кәсіпорын қызметінің сауда өткізу облысын зерттейтін, өндіріс процесі мен ұсынымына және өндірушіден тұтынушыға қызмет көрсетудің әсерін ескертетін барлық факторларды құрастырудың кешенді шаралары.

Маркетинг — бұл өзінің тұтынушысын іздеуге, сол сұранымын қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған кәсіпорынның (фирманың) нарықтық қызметі.

Қазіргі маркетинг теориясы оны басқарудың рыноктық бағыт алуын қамтамасыз ететін, күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Көркемдеп айтатын болсақ, маркетинг — бұл экономиканың, істің, жарнама, психология, сауда, жоспарлау мен болжаудың өзара біртұтас жиынтығы. Маркетингтің ұраны бір сөзбен мынаған сәйкес «Өндіргенің не болса да, соны өндіресің және сатасың». Біздің ойымызша, түптеп келгенде, маркетингтің мән-жайы көзқарастың үнемі өзгеруіне, экономикалық дағдарысқа тұрақты ұшырап отырған қазіргі нарық жағдайының өзгеруіне икемделуінде жатыр.

 Курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.