ЖОСПАР

КІРІСПЕ………..2-3
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
1.1. Инвестициялар мәні, маңызы және түрлері……….4-5
1.2. Қаржы инвестициялары…………….5-6
1.3. Инвестициялық қызмет және инвестиция тиімділігін бағалау…..6-7

ІІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ БАСҚАРУ
2.1. Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқару……8-9
2.2. Инвестициялық жобаларды бағалау ……………9-11
2.3. Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясаты мен қызметін талдау…11-13

ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҒА БЕРУ, ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне баға беру……14-17
3.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару………17-18
3.3. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі жолдары, тиімділігі…..18-24

Қорытынды………..25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі…..26

КІРІСПЕ

    Курстық жұмыстың тақырыбы – «Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару». Негізінен курстық жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдерде кәсіпорындағы инвестициялық іс-әрекет және инвестициялық жобалар мен кәсіпорынның инвестициялық портфелі, оның инвестициялық саясатын басқару мәселелері талқыланған. Курстық жұмыс мақсаты – кәсіпорындар үшін инвестиция мәні мен маңызын , экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жекеге қабілетті, жоғары технологиялы және өндірістің дамуына бағытталатын инвестициялар мәнін ашып көрсету.Кәсіпорындар экономика дамуының сатыларының бірі болғандықтан, бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы пайда табу және оны нарыққа шығару үшін инвесторлардың рөлі өте жоғары. Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорындардың көптеген пайдасы, банктердің еркін ақша қоры кіреді.

Кәсіпорындағы инвестициялық әрекеттің субъектілері инвесторлар, тапсырыс берушілер,  инвестициялық объектілерді пайдаланушылар, жабдықтаушылар, кәсіпкерлікпен айналысушы банктер, сақтандыру және де басқа да ұйымдар есептелінеді. Сондай-ақ мемлекет және инвестициялық әрекеттері Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі мен Қазақстан Республикасының инвестициялық әрекеттері туралы заңдарымен реттеледі. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет меншік түріне қарамай инвестицияны қорғауға кепілдік береді.

Инвестицияны басқаруға қатысатындар:

—         инвестициялық әрекетті мемлекет деңгейінде басқару, сол арқылы инвестициялық әрекетті реттеу, ынталандыру;

—         жекелеген инвестициялық жобаларды басқару. Ол жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды қоса алып, инвестициялық жобаның  қазіргі жүйе әдістерін , техникаларды басқаруды қарайды;

—          жекелеген шаруашылық етуші субъект – кәсіпкерлік етуші фирманың инвестициялық әрекетін басқару.

Фирмалар бойынша инвестициялық әрекетті басқару ең тиімді капитал салымын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты инвестиция бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші, кәсіпорындағы инвестицияны басқару, елдегі , мемлекеттегі инвестициялық климатқа талдау жасау болып саналады. Келесі кезең фирмалардың экономикалық-қаржылық дамуының стратегиясына байланысты.

Курстық жұмыстың маңызы – Ақтөбе облысының экономикасының тұрақты дамуына және кәсіпорындар мен инвестициялық саладағы көрсеткіштердің өсуі үшін жасалынатын және жасалған шараларды ашып көрсету.

курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.