Мазмұны

Кіріспе………3

1. Кәсіпорынның басқару құрылымының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның басқару құрылымының түсінік және оның мәні………5
1.2. Кәсіпорынның басқару құрылымының әдістері мен қағидаттары…….7
1.3. ҚР кәсіпорынның басқару құрылымының ерекшеліктері…………10

2. Rixos қонақ үйін басқару құрылымына талдау
2.1. Rixos қонақ үйінің басқару құрылымы…….15
2.2. Rixos қонақ үйінің басқару моделі…………..19
2.3 Rixos қонақ үйінің бәсеке қабілеттілігін арттыру…..27

3. Халықаралық деңгейде Rixos қонақ үйін жетілдіру жолдары
3.1. Қонақ үйлерді жоғары деңгейде сапалы басқару жолдары……30
3.2. Қонақ үйді сапалы басқаруда жетілдіру жолдары…….34

Қорытынды…………….36
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………38

Кіріспе

Нарықтық экономика орын алып, дами түскеннен бері әртүрлі саладағы кәсіпорындар саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс істеуде. Қонақ үй шаруашылығы осы кәсіпорындар қатарына қызмет көрсету саласы кәсіпорыны ретінде кіреді. Кез келген кәсіпорын, оның ішінде қонақ үй де, мейлі ол ірі болсын немесе шағын, кішігірім болсын біртұтас құрылымға біріктірілген функционалды бөлімдердің жиынтығынан тұрады, әртүрлі мақсаттағы және әртүрлі қызметтер көрсететін осы бөлімдер өз алдына жұмыс істей отырып, біртұтас кәсіпорынның немесе қонақ үйдің жемісті жұмыс істеуіне өте зор ықпал етеді. Қонақ үйлер үшін әрбір қызмет көрсету бөлімінің орыны бөлек. Бөлімдер бір мезгілде бір-бірінен тәуелсіз, сонымен қатар өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорында ұйымдастыру жалпы міндеттерден әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір бөлімге қатысты басқару бір бағытта жүргізіледі. Қонақ үй кәсіпорынының ұйымдастырушылық құрылымы қонақ үйдің тағайындалуымен оның орналасқан жерімен, қонақтарының ерекшелігі және басқа да факторлармен анықталады. Қоғамның әлеуметтік  негізгі тетігі болып саналатын іргелі ұйымның, яғни қонақ үй кәсіпорындарының орын тебуі мемлекет үшін де, болашақ үшін де өркениет белгісі болып қала бермек.

  Кез келген   кәсіпорында  ұйымдастыру  жалпы міндеттерден  әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір бөлімге қатыстыбасқару бір бағытта жүргізіледі.

Қазіргі заман жағдаиынада қонақ үйдің тиімді жұмыс істеу жоғарыда  аталған қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысына, оларды басқаруға, ұиымдастыруға тікелей тәелді. Қонақ үйдің қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру жүйесі, қонақ үй қызметінің нәтижесі неғұрылым  тиімді болуы үшін қарапйым, әрі өте икемді болуы керек.Бөлімдердің қызметін ұиымдастыру төмендегідей сиппаттамаға ие болғаны дұрыс:

—                    бөлімдер санының аздығы – бұл олардың жұмысын басқару         және бақылау барысында өте тиімді;

—                    бөлімдердің біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз етілуі;

—                    қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысы  және олардың қызметтерді өндіруде тұтынушыларға, яғни клиенттерге бағыт алуы.

Кестеде көрсетіліп отырғандай қонақ үй бөлімдері клиентпен байланысқа түсуге тәуелді екі деңгейде орналастырылған . Бірінші деңгейде – персонал қонақтармен тікелей байланысқа түсетін бөлімдер (байланыстырушы бөлімдер ), екінші деңгейде – қонақтармен тіптен қары – қатынасқа түспейтін  бөлімдер (байланыстырушы емес бөлімдер). Қонақ үй индустриясында бөлімдердің бұлай жіктелуі өте маңызды болып табылады, себебі персоналға қойылатын талаптарға өте зор әсерін тигізеді.

Аталған жіктелу қонақ үй бөлімдерінің қызметін ұйымдастыруда да маңызды орын алады. Жалпы кез келген ұйымда оның бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру белгілі бір принциптерге негізделеді. Қонақ үй шаруашылығында да оның қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысының тиімді ұйымдастыруда принциптер қарастырылады.

Осы  жұмыста қонақ үйдің қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысы қарастырылған. Бірінші бөлімде қызмет түсінігі, оның сапасы және қонақ үй үшін маңыздылығы қаралды.

Екінші бөлімде негізгі бөлімдер және оларды ұйымдастыру жайында толық мәлімет алуға болады.

Ал үшінші бөлім  қонақ үйді жетілдіру жолдары тиімділігін арттыру мәселесіне арналған.

Диплом жұмысы / 38 бет


You must be logged in to leave a reply.