Мазмұны

Кіріспе
1 Менеджменттің түбірі мен дамуы
1.1 Менеджменттің тарихи алғы шарттары
1.2 «Менеджмент» пәнінің пайда болуы
2 Басқарудың теориясы мен практикасының дамуы
2.1 Басқару — адамдардың кәсіптік қызметі
2.1 Басқару ғылымының зерделеу заты
3 Әртүрлі мектептердің негізінде қалыптасқан басқару әдістері
3.1 Ғылыми басқару мектебі (1885-1920 жылдар)
3.2 Басқарудағы классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950 жылдар)
3.3 Адамдық қатынастар (1930-1950 жылдар) және тәртіптік ғылымдар (1930 жылдан осы уақытқа дейін) мектебі
3.4 Басқару ғылымы мектебі немесе мөлшерлік амал (1950 жылдан осы күнге дейін)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Басқару — өте ежелгі тәжірбие болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келеді.

Дегенмен басқару – қызмет пен тәжірбие ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені көп басқару қызметті орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тартып алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады.

Қорыта айтқанда, ХХ ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймайды. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірбиесін ешбір басшы өз тәжірбиесіндегі қолданған емес.

Басқаша айтқанда, соңғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.

Өндірісті  шоғырландыру мен жаратылыстану – техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе  ретінде қызығып көңіл бөлу ХХ ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың Ғылыми басқару қағидалары атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлрдың піірінше, тиіді ғылыми басқару ұдайы, бақылау тәжірбие жасау және ой-саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырыпы, мынадай тоқтамға келді: дәстүрлі әдістің орнына – ғылым, қарама–қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына-ынтымақтастық еңбек өнімділігі арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау.

  Курстық жұмыс / 32 бет


You must be logged in to leave a reply.