МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……..3

1. АҚШ-та ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МУНИЦИПАЛДЫ МЕНЕДЖМЕНТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 АҚШ-та территориалды басқару қызметі мен жағдайы…..5
1.2 Муниципалды менеджментті ұйымдастырылу ерекшеліктері…….11

2 АҚШ-тың ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. АҚШ-та саяси партияларға қатысты менеджмент…………15
2.2 АҚШ-тың жергілікті жерлердегі муниципалдық менеджмент……17
2.3 АҚШ менеджментінің стратегиялық ерекшелігі ……20

Қорытынды……..24

Қолданылған әдебиеттер тізімі………..26

Кiрiспе

Тақырыптың өзектілігі. Америка Құрама Штаттарына айналған бұрынғы колониялар алғашында «Конфедерация баптары» (1781) деп аталатын келісім шеңберінде жұмыс істеді. Көп ұзамай-ақ бұл аз міндет жүктейтін келісім штаттар арасында іс жүзінде жұмыс істемеді. Орталық (федералдық) өкімет тым дәрменсіз болды, ал оның қорғанысы, сауда және салық саласындағы өкілеттігінің тек аты ғана болды. 1787 жылы «Конфедерация баптарын» қайта қарау үшін Филадельфияға штаттардың өкілдері жиналды. Олар мүлде жаңа құжат — конституцияның негізін жасап, өздерінің алғаш алдына қойған мақсаттарына жету үшін әрі қарай алға қадам жасады. Көптеген айтыс-таластардан, ымыраға келуден кейін конституцияның тексі жазылып, 1790 жылы 13 штат ратификация жасады.

Дүние жүзінде қолданылып жүрген Қонституциялардың ішіндегi ең ежелгісі — АҚШ Конституциясы өкіметiтің Федералдық құрылысын бекітті, оның үш тармағын жасап, олардың әрқайсысына басқалар жөніндегі өкілеттік билігін («баланстар мен шектеулер» жүйесін) белгіледі. Конституция олардың құқықтары мен міндеттері белгілеп беріп, қалған құқықтарды штаттардың үкіметіне қалдырды. Конституцияға бірнеше рет түзетулер еңгізіліп, ол өзгеріп отырған қоғам өмірінің талаптарымен сәйкестенді, алайда ол бұрынғыша «елдің ең жоғарі заңы» ретінде қалып отыр. Барлық үкімет және билік құрылымдары — федералдық деңгейде, штаттар мен муниципалиттерде конституцияның негізгі қағидаларын сәйкес жұмыс істеуге тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты: Америка Құрама штатының басқару жүйесінің талдау және муниципалды менеджментінің негізгі типтерін анықтау.

Конституция бойынша АҚШ-та жоғары билік президентке де (атқарушы өкіметтің басшысы), конгреске де (заң шығарушы билік), Жоғарғы сотқа да (сот билігi қандай да бір саяси топтар мен партияларға да (басқа көптеген елдерден өзгешелігі) берілмейді. Бұл билiк конституцияның рухы мен мәніне сәйкес, онда айтылған «біз халықпыз» дейтіндерге берілген.

Сөйтіп, американдықтар тұңғыш рет, саяси бостандық пен барлығына тең құқықтарға ие болды, бұл  артықшылықтар басқа елдерде ат төбеліндей асыл тектілердің ғана үлесіне тиді.

Американдықтар өздерінің өкілдері арқылы заңдар қабылдай отырып, өз мүдделері үшін өз істерінің қамын өздері ойлады. Әрине, олар өз қателерін де өздері жасады.

«Құқықтар туралы Билль» деген атпен белгілі болған конституцияға алғаш енгізілген он түзету американдықтардың негізгі құқықтары деп саналған құқықтарды бекітті. Бұл құкықтардың ішінде — ар-ождан, сөз және баспасөз бостандығы, бейбіт жиындар өткізу және үкiметтің әрекетіне шағым жасау құқықтары бар. Басқа құқықтар азаматтарды негізсіз тінтуден, тұтқындаудан, жеке мүлікті  алып қоюдан қорғауды,  заң талаптарын, сақтауды қамтамасыз етеді. Америкада өкілдер соты, яғни өз азаматтарымен бірге сот ісіне араласу құқы бар.

Американдықтар өз конституциясын мақтаныш етеді. Оны дінді қандай құрмет тұтса, сондай дерлік құрмет тұтады: Мұндай құрметтің негізі аталған мұраттар, құқықтар мен бостандықтар оларға ат төбеліндей билеуші таптың тартқан сыйлары емес деген сенімде жатқан еді. Бұл құқықтар мен бостандықтарды, түптеп келгенде, табиғи, әрбір американдықтың мызғымас құқықтары, олар сол үшін күресіп, жеңіп алды. Оларды ешкім де үкімет те, сот та, заң да тартып ала алмайды.

Конституция негізінде құрылған федералдық үкімет пен штаттардың өкіметі халыққа қызмет етуді және азшылықтың емес, көпшіліктің еркін орындайтындай етіп құрылды. Американдықтар нені қаламайды, ол — біреуге «қызметші» болу. Олар, керісінше, үкімет өздеріне қызмет етуге тиіс, саяси қайраткер мен чиновниктер ха-лықтың қызметшілері ғана деп санайды. Осындай көзқарас бүгінде американдықтардың арасында берік сақталып қалған.

Соңғы екі жүз жылдықта американ конституциясының ықпалы Құрама Штаттардан тыс жерге де тарады. Кейбір елдер басқару формасын Америка мысалы бойынша тандап алды. Бір атап айтатын нәрсе, Американ революциясының батыры Лафайет Америкадан қайтып оралғаннан кейін Француздың «Құқықтар декларациясының» жобасын жасады. БҰҰ-ның хартиясы да қалайда революциялық құжат ретінде танылған АҚШ конституциясымен мазмұндас.

курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.