Мазмұны

Кіріспе

1 Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы
1.1 Азаматтық, азамат және мемлекет
1.2 Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы.
Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2 Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік
2.1 Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы
2.2 Адам құқығынынң халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы декларациясы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Курстық жұмыста мемлекеттің қазіргі кездегі ұғымын толық көлемде ашып, оның белгілерін, функцияларын ашуға, құқықтың қазіргі кездегі анықтамасына, мәніне, қызметіне сипаттама беріп, бірқатар мәселелерін ашып, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, оның басымдылығын айқындап, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын ашып көрсетуге ұмтылыс жасалады.

Мемлекет, құқық, жеке тұлға мәселелеріне арналған бірқатар авторлардың, оның ішінде М.Т. Баймахановтың, Т.А. Ағдарбековтың, А.К. Котовтың, ресей ғалымдары С.С. Алексеевтің, А.П. Бутенконың А.Б. Венгеровтың, И.А. Ильиннің, Ж. Карбонньенің, Р.З. Лившицтың, А.В. Мальконың, Г.Ф.  Шершеневичтың, Л.С. Явичтың,  Ю. А. Тихомировтың еңбектеріне талдау жасалып, сарапталады.

Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.

Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарыан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі.

Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғам-дық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалықжөне психология-лық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.

Құқық – бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатысында пайда болады. Құқық – адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутісі, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатнасты (қоғамдық қатынастарды); в) қоғамдық қатнастардағы субъектілердің тәртібін.

Құқықтың мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.

Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің елкі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ірдей көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың  өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады [1].

Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белсісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы, есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгіллеріне) сай әрекет етеді.

 курстық жұмыс / 31 бет


You must be logged in to leave a reply.