Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1. Қарт адамдардың әлеуметтік жағдайымен оларды әлеуметтік бірлестік ретінде қарастыру
1.2. Қартаю жасындағы адамдардың психологиялық ерекшелігіне ғылымда зерттелінуі
1.3. Қарттармен әлеуметтік жұмыс атқарудың моделдері мен технологиялары
1.4. Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік қамқорлық

Қазақстандағы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау мүмкіндіктеріне талдау жасау
2.1. Қарт кісілерді әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуы
2.2.Қарт адамдарға арналған әлеуметтік мекемелер жүйесінің қалыптасуы
2.3. Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің қазіргі жүйелері
2.4. Мемлекеттік саясат механизмін өңдеу және жүзеге асыру

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстандықтардың әл- ауқатын, қауіпсіздігін жақсарту, гулдену, дамуын     «Қазақстан 2030» стратегиясында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі- тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл- ауқаты болып табылады. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, халықтың әл-жуаз топтарын әлеуметтік қолдау, қорғауға ат салысу. Яғни, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты» атты Жолдауында демография  мәселелеріне үлкен көңіл бөлінгеніне тоқталып өтті.

Қазіргі таңда мемлекет аға буын өкілдерін, әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірбиесі мен қадір қасиеттерін үлгі тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілік қорғап, сақтап қалды, сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз еңбектерімен экономикалық дамуына зор үлес қосқан.  Біз ардагерлер алдындағы борышымыз терең сезінеміз. Күнделікті қамқорлық пен қолдауды қажет ететін борыш бүгінде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр. Ертең ел боламыз десек, қазірден бастап түзелу керек. Атап айтсақ асыл мұрамызды жерге таптамауымыз парыз. Өкінішке орай, соңғы жылдары қазақ халқының жалпы санында қарт адамдардың үлес салмағының арту үдерісі яғни халықтың қартаюы. 2006 жылдың басында 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7,4 пайыз болды. 2030 жылы бұл көрсеткіш елімізде 11,5 пайызға жетпек.

Халықтың қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді, атап айтқанда басты себептері – бала туудың кемуі, өлім деңгейінің, әсіресі еңбекке қабілетті жастағы адамдар өлімінің жоғарлылығы және халықтың көші-қоны.       Экономикалық бірлесіп қызмет көрсету және даму елдерінде соңғы 30 жыл ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6,5 жасқа өсті. Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты түрдің өсу тенденциясы қалыптасқан.

Демографиялық қартаю біздің елімізде балалардың туу санының кемуіне байланысты болып отыр. Соңғы 10 жыл ішінде жас ұрпақтың үлес салмағы 24-44 % -ға қысқарған. Осының нетижесінде зейнеткерлік жастың адамдардың үлес салмағы 15 жасқа дейінгі балалардың үйлесінен асып түсіп отыр. Болашақта бұл жағдай одан ары күрделене түсіп, егде жастағы адамдардың саны арта түседі.

Халықаралың жіктеу көрсетіп отырғандай 2008 жылы өзінде еліміздегі халықтың құрылымы демографиялық қартаю кезеңіне сәйкес келетіндей болады. Балалар мен жасөспірімдердің үлесі 65 және одан да жоғары егде адамдар үлесіне сәл ғана артылуы мүмкін. Жетпістен және одан да жоғарғы адамдар аралық халықтың 28,3 пайызын құрады. Бұл еңбекке жарамды қабілетті жастан біршама жоғары. Көп жасайтындар саланың тұрақты өсуіне байланысты. Жасы үлкен егде жастағы адамдар үшін мемлекеттің жауапкершілігі әсіресе жоғарлай түседі. Байқағандай, қарттармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысның ауқымдылығы мемлекеттік маңызға ие.

 курстық жұмыс / 41 бет


You must be logged in to leave a reply.