МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……..3

І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………5
1.1 Мұсылман құқығының мәні және мазмұны………5
1.2 Мұсылман құқығының бастаулары………..13
1.3 Мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері…….15

2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
2.1 Мұсылман құқығы ғылымының тараулары…….18
2.2 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері……..22
2.3 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу………..25
2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы……….27

ҚОРЫТЫНДЫ……………30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………….32

 

КІРІСПЕ

 

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.

Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат). Бұл құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында пайда болып, кейіннен әлемдік сипат алды. Оның даму  тарихы араб мемлекетінің эволюциясымен, VІІ ғ.патриархалдық  діни қоғамнан  VІІІ-Х ғ.ғ. Омеяд және Аббасид династиясының ірі империясына дейінгі дамуымен тығыз байланысты. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай, ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі құқықтық ережеге айналды.

Мұсылман құқығы – мұсылман діні Исламның негізінде құрастырылған ережелер жүйесі.

Ислам бойынша қалыптасқан құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан келген. Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.

Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:

1.Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі кітап — Құран

2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы — Сұнна.

3.Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік құбылыстарын  сәйкесінше талдау – Қияс.

Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық  және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.

Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып кетті.

Мұсылман құқығының негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.

Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде құрастырылған,  мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және  неке-отбасы құқығынан тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен тығыз байланысты құқықтық ереже.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұсылман құқығының қайнар көздерін анықтап зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін  төмендегідей міндеттер қойылды:

— мұсылман құқығының жалпы түсінігін беру;

-мұсылман құқығының бастауларын зерттеу;

-мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктерін зерделеу;

-мұсылман құқығы ғылымының тарауларын анықтау;

-отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктерін талдау;

-меншік қатынастарын құқықтық  реттеу мәні;

-қылмыс, жаза, сот ісін анықтау;

-қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығын

Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялык ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

 курстық жұмыс / 31 бет


You must be logged in to leave a reply.