МАЗМҰНЫ

Қіріспе 4
1. Ежелгі тас дәуір мәдениеті 6
1.1 Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуір мәдениеті 6
2. Қола дәуір мәдениеті 9
2.1 Қола дәуіріндегі Қазакстан жеріндегі Андронов мәдениеті 9
2.2 Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі Дәндібай-Беғазы мәдениеті 14
3. Темір мәдениеті 19
3.1Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар мәдениеті 19
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет — агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.).   Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті.

Алғашқы қауымдық мәдениет — тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 — 40 мың жыл бұрын) «нағыз адам» пайда болуымен, кару-жарақтар мен карапайым еңбек күралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның калыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл карымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды.

Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің коғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы

Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың «архетиптік жадында» сақталып қалған.

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. Алғашқы  қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» — көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. [7]

Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуыда тегіннен-тегін емес сияқты.

Зерттеу жұмысының мақсаты:  Бұл курстық жұмыстың мақсаты алғашқы қауымдық мәдениетке  талдау жасау, зерделеу және жан – жақты қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеті:.

— Ежелгі тас дәуір мәдениетінің  ерекшеліктерің анықтау;

— Қола дәуір мәдениетіне  сипаттама беру;

— Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар мәдениетінің ерекшеліктерін  анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден,  үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

Курстық жұмыс / 25 бет

 


You must be logged in to leave a reply.