Мазмұны

КІРІСПЕ

1. Холдинг: ұғымы, мәні, түрлері және функционалдық ерекшеліктері. 4

1.1. Холдингтік компаниялардың түрлері, мәні және құқықтық жағдайы.    4

1.2. Холдингті құру мақсаты.  7

2. Холдингтің құрылу тәсілі 8

2.1. Қаржылық және аралас холдингттер 11

3. Нарықтық орнату жағдайындағы холдингтің стартегиялық менеджменті

3.1.Холдингтік компаниядағы стратегиялық менеджменттің концепциясы 19

3.2.“Самұрық” мемлекеттік холдингі 20

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Холдинг”. Ең алдымен  холдинг түсінігіне тоқталып  өтем. Жалпы “Холдинг”-шағын кәсіпорындарды топтап бір ортаклықтан басқару дегенді білдіреді.

Холдингттік компаниялардың екі негізгі түрі кең тараған: қаржылық (таза) және аралас. Қаржылық холдингттік компания қаржылық бақылауды және басқаруды жүзеге асыру мақсатымен құралады. Аралас холдингттік компания керсінше, белгілі бір кәсіпкерлік қызметтен айналысады: өнеркәсіптік, сауда көлік-логистикалық, несиелік-қаржылық және т.б.

Аралас холдингтен диверсификацияның жоғары дәрежесі мен және топ компанияларының арасындағы байланыстардың әлсіреуімен сипаталатын өндірістік концерндер немесе конгломераттар болып табылатын ҚӨТ/ң көбісінің бас компаниялары ретінде тараған. Бірақ соңғы онжылдықтарда қаржылық және қаржылық емес фирмаларды көпұлттық топтың құрылымдарға біріктіретін қаржылық холдинттік компаниялардың артуы байқалып отыр.

Мұндай холдингтер қаржылық ұйымдар бола отырып басқа қаржылық институттардан, банктерден, инвестициялық қорлардан функционалды ерекшеліктері бар. Банктерге қарағанда холдинттік компаниялар қаржылық емес кәсіпорындарға яғни өнеркәсіптік, сауда, құрылыс және басқа да фирмаларға тікелей инвестицияларды жүзеге асыруда заңмен шектелмеген.

Компаниялар топтарын ұйымдастыру  процесі “төменнен” немесе “жоғарыдан” жүруі мүмкін, кейде екі әдісі де пайдалынады. Бірінші кезеңде, “төменнен” жүрген ұйымдастыруды заңды тәуелсіз құрылтайшы – компаниялардың бірігіп болашақ топтың ядросын құруымен өтеді. Кейін, бас холдинг компаниясының құрылуынан кейін, КҰК – дың прцесі “жоғардан” жүргізіледі. Сонымен қатар, бірнеше жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Ең көп таралған түрі, тандалған елде еншілес компанияны ашып, сол арқылы сату — өткізу операцияларын өркендетіп отырып, жергілікті нарыққа басқа жерде өндірілген КҰК – ның өнімін өткізу, қызмет көрсету немесе жергілікті өндірісті ұйымдастыру әдетте, осындай еншілес – компанияларды 100 % түрде бас компания бақылап отырады. Кейіннен, бұл бақылау азаюы мүмкін. Бұл мысалы, КҰК – ды басқару деңгейінде қосымша капиталды еншілес компанияның кейбір акцияларын сату арқасында иемдену шешімі қабылданған жағдайда көрінеді. Бірақ, КҰК белгілі бір елден инвестицияны шығару жөнінде шешім қабылдап, шетел еншілес компанияларда бас компанияның үстемді акционерлік бақылауы жойылмайды.

Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінің көпұлтты компаниялардың көбісі фирманы іскерлік бақылау және олардың қызметік басқару мақсатымен олардың акцияларының бақылау пакетін иелену үшін құрылатын қаржылық немесе қаржылық-өнеркәсіптік компаниялардың ерекше түрі болып табылады. ҚӨТ/ң құрлымы мен басқарудың әртүрлі аспектілерін талқылағанда  “холдингтік  компания”  терминімен қатар оған ұқсас ”аналық” немесе “бас” компания терминдерін де жиі қолданады; холдингтік компанияға деген басқарушы қызметтің бөлінуіне байланысты, сонымен қатар “бас ұйым” деген де термин де қолданады.

курстық жұмыс / 25 бет


You must be logged in to leave a reply.