28. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстан республикасының шикізат базасының дамуы отключены · Categories: Кәсіпорын экономикасы, кәсіпорын қаржысы, экономикалық талдау, қаржылық менеджмент

Мазмұны

Кіріспе ……..3

Тарау І. Қазақстан Республикасының шикізат базасының дамуы …5
1.1Қазақстан Республикасының шикізаты ……5
1.2Қазақстан Республикасының шикізат мөлшері …..12
1.3Шикізат көлемі …….14

Тарау ІІ.Практикалық бөлім…..18
2.1 Оңтүстік Қазақстанның шикізат……18
2.2 Солтүстік Қазақстанның шикізаты….23
2.3 Батыс Қазақстанның шикізаты………34
2.4 Шығыс Қазақстанның шикізаты………39
2.5 Орталық Қазақстанның шикізаты……42

Қорытынды…………49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …….51

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: экономиканың шикiзаттық бағдарын бiрте-бiрте жеңу, көлiк желiлерiн және телекоммуникация саласын жедел дамыту, сонымен бiрге жетiлген нарықтық құрылымдарды қалыптастыру, 2006-2012 жылдар аралығында ашық типтегi экономиканы жедел қарқынмен дамыту, дүниежүзiлiк саудадағы Қазақстанның позициясын нығайту және әлемнiң индустриялы елдерiнiң қатарына кiру.

Экономиканың салалық құрылымын жақсартуға қолайлы жағдай жасайтын, тиiмдi жобаларға ұзақ мерзiмге несие беретiн Қазақстанның Даму Банкiнiң жарғылық қоры 45 млрд. теңге болып отыр. Инвестициялық-инновациялық қорлар, экспортты сақтандыру корпорациялары 2004 жылы бюджеттен 45 млрд. теңге көлемiнде қаржы алды. Қазiр де олардың қорларын капиталдандыру процесi одан әрi жүргiзiлуде. Жалпы алғанда, Қазақстандағы даму институттарының жиынтық жарғылық қоры 1 млрд. долларға жеттi. Үкiмет қарап жатқан 2005-2015 жылдарға есептелген Ұлттық инновациялық жүйенi (ҰИЖ) дамыту бағдарламасы, Ұлттық Инновациялық қор шеңберiнде 12 арнаулы технопарктер мен бизнес-инкубаторларды құруда Президент Жолдауында қойылған стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған.

Курстық жұмыстың  мақсаты: Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық саласы туралы ұғым беру және талдау жасау. Әрбір саланы бөліп қарастырып, ерекшеліктерін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті: Зерттеу тақырыбының мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

—         ағымдағы салалық жағдайды талдау;

—         салалардың жағдайын алдыңғы жылдармен салыстыру және қазіргі уақыттағы жетістіктер;

—         әрбір саланың ерекшелігін анықтау.

Қазақстанның шаруашылық салаларының өзіндік құрылымы бар. Экономиканың құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады.

Сендер біздің еліміздегі жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі қызмет көрсету саласында жасалатынын анықтадыңдар. Бірақ оның үлесі дамыған және көптеген дамушы елдерге қарағанда төмен.

Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.

«Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады.

Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.

2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.

Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.

Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.

Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.

Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және  өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады.

Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртарап тандыруды және  технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

 Курстық жұмыс / 38 бет


Comments closed.