Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………….2-3 б

І бөлім . Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік
қызметте салық салудың экономикалық мәні.
1.1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі…………………………4-5 б
1.2. Патент құқығының түсінігі мен мазмұны………………………5-9 б

ІІ бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік
қызметте салық салуды есептсу және талдау.
2.1. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері……………………………………………………………………10-17 б
2.2. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте
салық салуды талдау……………………………………………………………….18-21 б
2.3. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын
жүзеге асыратын органдар……………………………………………………….21-24 б
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында Патент негізінде
жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды
жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс
жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды
жетілдіру жолдары……………………………………………………………… 25-29б
3.2 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс
жасауда кәсіпкерлік кызметтегі қатынастарды
ретттейтін ұлттық заңнама……………………………………………….29-32 б

Қорытынды………………………………………………………………………..33-34 б

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………..35

Кіріспе
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.
Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынасы.
Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық.

Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз.
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.
Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет
Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері.
Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:
Бюллетень — өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.
Лицензиялық шарт — патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.
Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.
Патентке қабілеттілік жағдайлары — өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.
Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:
— қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
— патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
Патент құқығының объектілеріне қатынастарды Конститутциямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі де реттейді.
Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданады.Патент Заңы сегіз тарау құрайды. Осыған қосымша ретінде 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік – құқықтан тұрады.
Патент жүйесіне заңнамалық өзгерістер енгізуге байланысты және Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді. Олар: Париж конвенциясы, Мадрид келісімі, Бүкіләлемдік меншік қорғау ұйымы конвенциясы, Патент кооперациясы туралы келісімшарт.
Атап өтілген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншік жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі осыған ұқсас жүйелерді дамытуға қажетті халықаралық параметлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.
Айта кету керек барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын мекеме аса маңызды мамандандырылған ұйым болып табылады. Біздің Республикамыздың Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанына ұлттық патент ведомствосы, қысқаша Қазпатент құрылды.
Бұл бастаулар біздің мемлектіміздің оң қадамдары болып, өз экономикамызды одан әрі дамытуға, үлкен белестерге шығуға бірталай көмек береді деген үмітпен жасалынып отырған бастамалар болып табылады. Егерде мемлекеттің нақтыланған салық жүйесі өз жұмысын дұрыс жүргізсе, халқымыздың жағдайы да жақсарады,өйткені салық ол — адамның тамақтануына азық–түлік қалай керек болса,ал мемлекеттің ең басты азығы болып салық табылады.


You must be logged in to leave a reply.