ЖОСПАР

І.Кіріспе……………3

ІІ.Негізгі бөлім

1.Өндріс шығындар туралы жалпы түсінік…………….4

2.Өндіріс шығындардың  түрлері және оларды жіктеу…..13

ІІІ.Қортынды………..25

Пайдаланылған әдебиеттер………………26

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.

Алғашқы шығын, ұйымды әділет министрлігінен тіркеуге өткізуге байланысты туындап, шаруашылықтың бухгалтерлік балансында «материалдық емес активтер» бабынының құрамында «ұйымдастырылу шығындары» ретінде көрсетіліп өтетінін ескерсек, шығындардың пайда болу табиғатының шаруашылық үрдісінің жабдықтау, өндіріс, өткізу (сату) сатыларының шеңберінен кең екенін байқаймыз.

Алдымен шығындардың сыныпталуын қарастырмай тұрып отандық және ТМД елдерімен алыс шетелдердің авторларының шығындардың жіктеу тәртіптеріне және оларға берген анықтамаларына назар аударуды талап етеді.

Отандық және ТМД елдерінің авторлары «шығындарды»: өндіріс шығындары (издержки); шығындар (затраты); шығыстар (расходы) деп жіктесе, Д. Энтони., Дж Рис, бұл аталғандарға төлеу (выплата) деп төртіншісін қосады. Аталған «шығындар» жіктеулеріне анықтама бере отырып, олардың өзара байланысын шектеу шеңберіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып табиғатын түсінудің қажеттігі туындайды. Шығындарға отандық байырғы авторлар профессорлар Радостовец В.К., Сатубалдин С.С., Кеулімжаев К.Қ., Дюсенбаев К.Ш., Ержанов М.С., Седахметова Ф.С., және ТМД елдерінің бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі авторлар Безруких П.С., Кондраков Н.П., Палий В.Ф., Маргулис А.Ш., Пизенгольц М.З., Варава А.П., Грииман Г.И., Немчииов П.П. және т.б.

Зерттеу жұмысының мақсаты: «Өндіріске жұмсалған шығындар» өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет, жұмыс) өндіру мен қатар оның сапалы болып өндірілу мақсаты қоса көзделеді. Өйткені өндіріске жұмсалған шығындарды өтеп үстінен табыс түсіру үшін өнімнің сапалы болуы басты мақсат болса, табыстың көлеміне тікелей байланысты өндіріске жұмсалған шығынның нормаланған мөлшердегі көлемінің сақталуы негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.