26. декабря 2011 · Комментарии к записи Несиенің теоретикалық аспектілері отключены · Categories: Кәсіпорын экономикасы, кәсіпорын қаржысы, экономикалық талдау, қаржылық менеджмент

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ НЕСИЕНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Несиенің мәні және пайда болуы
1.2 Несиенің формалары, түрлері және атқаратын қызметтері
1.3 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның элементтері

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ (ТҰРАНӘЛЕМ БАНК МЫСАЛЫНДА)
2.1 Банктің заңды тұлғалармен жүргізетін несиелік операциялары
2.2 Банктің жеке тұлғалармен жүргізетін несиелік операциялары
2.3 Шағын және орта бизнесті несиелендіру шаралары

3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІН ҚОЛДАНУ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Нарықтық экономикада несие–банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орыны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі- ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. ²Несие² деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.

Осының барлығы бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігімен анықталынады.

Осы дипломдық жұмысты  жазудағы мақсат – екінші деңгейлі банктер жүргізетін несиелік операцияларға талдау жасау.

Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:

—  нарықтық экономикадағы несиенің мәнін ашып, теоретикалық аспектілерін қарастыру;

—  екінші деңгейлі банктер жүргізетін несиелік операцияларға талдау жасау (ТұранӘлем банкі мысалында);

—  екінші деңгейлі банктермен жүргізілетін несиелік операцияларға шетел тәжірибесін қолдануды зерттеу.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан,қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Осы жұмысты орындаудың әдістемелік, теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының заңды және нормативті актілері, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды. Тәжірибелік бөлімі  ТұранӘлем банк АҚ есеп берулері негізінде орындалды.

Дипломдық жұмыс / 30 бет


Comments closed.