КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫН БАЛАНСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Кәсіпорынның балансы, мәні және мазмұны
1.2 КӘСІПОРЫН БАЛАНСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАЛАНЫСНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорындағы баланс төлемінің бағамы, оның экономикалық әсері
2.2 Кәсіпорынның төлем балансының қабілеттілігі
2.3 Кәсіпорын балансының өтімділігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

    Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болуы, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.

Баланс — белгілі бір сәттегі (кездегі) субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл — субъекті нің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.

Бұл тақырыптың алынған себебі, кез келген кәсіпорынның мақсаты – пайда табу десек қателеспейміз. Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Оыс орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорын балансына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланстағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ баланстың актив және пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнешн жүздеген операциялардың орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажетте емес. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардағы баланстарының қозғалысын дәл және уақытылы көрсету, сондай-ақ осы балансының қозғалысына дұрыс бақылау орнату өте маңызды болып отыр.

Баланстың негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметінің мақсаты — пайдаланушыларға кәсіпорының мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақытылы жеткізіп беріп отыру.

Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып салыстырылатын капиталға, ұйымға тиесілі экономикалық ресурстардың бар-жоқтығы жайлы пікір айтылып, талқыланады. Сонымен катар баланс белгілі бір уақытта жасалып, қаражаттың жағдайы мен олардың шығу көздерін бейнелейді. Шаруашылық іс-әрекет үрдісінде қаражаттың тоқтаусыз қозғалысы, олардың құрамының, орналасуының және пайда болу, қалыптасу көздерінің өзгеруі болып жатыр. Субъектінің іс-әрекеті барысында жабдықтау, өндіріс, өткізу үрдісінің бөлігі болып табылатын және  қаражат құралы мен олардың шығу көздерінде тағы сондай өзгерістерді туындататын шаруашылық операцияларын іске асырады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС / 35 БЕТ


You must be logged in to leave a reply.