Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 – тарау. Кәсіпкерліктің экономикадағы методологиялық әдістері
1.1. Кәсіпкерге сипаттама
1.2. Кәсіпкерлік қызмет салаларының жіктелуі
1.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту

2 – тарау. Салық режимдерінің қазіргі уақыттағы ұйымдастыру жүйесі
2.1. Салық режимдері
2.2. Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері
2.3. Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимдері
2.4. Патент негізіндегі арнаулы салық режимінің таңдау ерекшеліктері

3 – тарау. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет барысындағы салық режимын таңдауды жетілдіру жолдары

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан халқына «Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барына қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында: «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік –экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті.

Сондай-ақ, «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық таулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауында: «Біздің қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады,қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикағакіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарға сүйенеді» деген жолдарын ерекше атап өтуімізге боладыБүгінгі күні кәсіпкерлік қатынастардың қалыптасуы және дамуы, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық салаларының және кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік–құқықтық бақылау әдістерінің жетілдірілуІ Қазақстан экономикасының қайта құру жолында тұрақты орныққанының айқын дәлелі болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дүниежүзілік қолдау кәсікерлік қызметке деген ынтаға елеулі түрде тәуелді болып табылатын ілгерлеушілік, тек кәсіпкерлер үшін ғана емес, сондай-ақ нарықтық экономиканың тұрақтану үшінде маңызды болып отыр.

Әлемдік тәжірибе, нарықтық экономикасы дамыған елдерде де шағын кәсіпкерлік халық шаруашылығының дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған адамдардың санының өсуіне үлкен әсерін тигізетінін көрсетіп отыр.

Шағын бизнес субъектілерінің жұмыспен қамтылған адамдар санына, тауарды шығару мен өткізу, көрсетілетін қызметтер мен орындалатын жұмыстар көлеміне байланысты олар жекелеген елдерде жетекші рөлді иеленеді.

Қазақстанда қабылданған заңдық және нормативтік актілерде, елде шағын кәсіпкерліктің дамуы бәсекелестіктің дамуына, тұтыну нарығының тауарлар және қызметтермен толықтырылуына, жаңа жұмыс орындарының қалыптасуына, кәсіпкерлердің және жеке меншік иелерінің санының өсуіне өзіндік үлесін қосатын экономикалық реформаның бағыттарының бірі деп көрсетілген.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері нарықтық экономика субъектілері ретінде өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерді де иеленеді. Жеке кәсіпкерліктің дамуында шетелдік және отандық тәжірибеге талдау жасай отырып, келесі артықшылықтарды көрсетуімізге болады: жергілікті шаруашылық шарттарына жылдам бейімделуі; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрекеттеріндегі елеулі тәуелсіздігі; шешім қабылдау мен қабылданған шешімдерді орындаудағы жеделдігі мен икемділігі; салыстырмалы түрде жоғары емес шығындар, әсірессе басқару шығындарының төмен болуы; жеке тұлғаның өз идеяларын жүзеге асыруға, өз қабілеттін көрсетуге зор мүмкіндігінің болуы; капиталға әлде қайда төмен қажеттілік пен жергілікті нарық талаптарына сай өндіріске және өнімге жылдам өзгерістер енгізу мүмкіндігі; меншік капиталының жоғары қарқында айналысы және т.б.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде анықталған кемшіліктер де бар, оның ішінде ең негізгілері ретінде келесілерді айқындауға болады: тәуекелдің жоғары деңгейіне байланысты нарықтағы жағдайының тұрақсыздығы; ірі компанияларға тәуелділігі; істі басқарудағы жетіспеушіліктер; жетекшілердің біліктіліғінің нашарлығы; шаруашылық ету жағдайлардың өзгеруіне жоғары сезімталдық; қосымша қаржы құралдарын тарту мен несие алудағы қиындықтар; келісімшарт жасау кезіндегі шаруашылық әріптестерінің сенімсіздігі және абайлылығы.

Әрине, шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметіндегі сәтсіздіктер мен кемшіліктер шағын кәсіпорындардың қызмет ету шартына байланысты ішкі және сыртқы себептермен анықталады.

Тұтастай алғанда, шағын компаниялардың қызметі экономиканың икмділігін арттырушы маңызды фактор болып табылады. Шағын бизнестің даму деңгейі байланысты мамандар елдің өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетіне баға береді.

Нарықтық қатынастардың алғашқы дамуы кезеңінде Қазақстан үшін қоғамның әлеуметтік қайта құрылуының негізі- осы шағын кәсіпкерлік секторының қалыптасуы және дамуы болып табылды. Ол мемлекеттің бүкіл шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуін және халықты дайындауды қамтамасыз етті. Сәтсіздіктер мен қиындықтарға қарамастан шағын кәсіпкерлік дамып, өсу қарқынын алып, экономикалық- әлеуметтік, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге үлесін қосуда.

Дегенмен кәсіпкерлік ортаны талдай келе, шағын кәсіпкерліктің дамытуға мемлекеттің және Қазақстан Республикасының өзге де көптеген субъектілерінің ерекше көңіліне қарамастан, оның дамуын тежеп отырған бірқатар себептерді бөліп қарастыруға болады.

Біріншіден, мемлекеттегі қиын экономикалық жағдай: инфляция, өндірістің төмендеуі, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлем қабілетінің нашарлауы, пайыз мөлшерлемесінің жоғары деңгейі, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуының әлсіздігі.

Екіншіден, кәсіпкерлердің құқықтық және ұйымдастырушылық – экономикалық білімінің төмен деңгейі, қызмет этикасының болмауы, мемлекеттік сектор мен шағын бизнесте шаруашылық мәдениеттің болмауы.

Үшіншіден, шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік механизм қызметінің әлсіздігі.

Осыдан бұл жұмыстың өзектілігі шығады, мұнда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуында арнайы салық жүйесінің ықпалдасу механизмін жетілдіру жолдарын анықтау басты мақсат болып табылады. Осыған орай келесі тапсырмалар шешіледі: арнайы салық жүйесінің қызмет механизмін қарастыру, Қазақстан Республикасының бюджетіне салықтың жеке түрлерінің төлену формаларын оқу; Қазақстан Республикасында арнайы салық жүйесінің қолданылуына сараптама.

 Курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.