Тақырып 1. Талдау әдістері мен экономиканың статистикалық көрсеткіштерінің жүйесі

1. Экономиканы талдау міндеттері және негізгі талдау (жолдау) әдістері
2. Елдің экономикалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

Тақырып 2. Ұлттық шоттар жүйесін (Ұ.Ш.Ж) талдау

1. Ұлттық шоттар жүйесі ұғымы
2. Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары, олардың өзара байланысы және міндеттері
3. Ұлттық шоттар жүйесінің талдау мүмкіндіктері
4. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара байланысы
5. Экономика тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі
6. Экономикалық қызмет нәтижелердің тиімділігін талдау әдістемесі

Тақырып 3. Ұлттық байлықты талдау

1. Ұлттық байлықтың элементтері және оның мазмұны
2. Ұлттық байлықтың құрылымы мен динамикасын бағалау

Тақырып 4. Елдің сыртқы экономикалық жағдайын талдау

1. Сыртқы экономикалық байланыстардың тиімділік көрсеткіштері.
2. Елдің төлем балансын талдаудың бағыттары мен әдістері.

Тақырып 5. Өнеркәсіп өндірісін талдау

1. Өнеркәсіп өндірісін талдаудың негізгі бағыттары
2. Өнеркәсіп салалық құрылымын талдау
3. Өнеркәсіп өндірісінің тиімділігін бағалау

Тақырып 6. Ауыл шаруашылық өндірісін талдау

1. Ауылшаруашылық өндірісін талдаудың негізгі бағыттары
2. Ауылшаруашылық салалық құрылымын талдау
3. Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін бағалау

Тақырып 7. Қызметтер саласын талдау

1. Қызметтер талдаудың негізгі объекті ретінде
2. Қызметтер саласын талдаудың этаптары

Тақырып 8. Қаржылық және бюджеттік жүйені талдау

1. Қаржылық жүйені талдаудың негізгі бағыттары
2. Бюджеттік жүйені талдаудың міндеттері

Тақырып 9. Инвестициялық қызметті талдау

1. Инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәні мен талдау міндеттері
2. Инвестицияны талдау әдістері

Тақырып 10. Халықтың өмір деңгейінің әлеуметтік-экономикалық индикаторлары

1. Әлеуметтік сала мен халықтың өмін деңгейін зерттеудің әлеуметтік-экономикалық мәні
2. Халықтың өмір деңгейін талдаудың этаптары

Тақырып 11. Еңбек нарығын талдау

1. Еңбек ресурстарының құрылымы мен еңбек тиімділігінің көрсеткіштері
2. Жұмысбастылық пен жұмыссыздықты талдау

Тақырып 12. Экономиканың бәсекеқабілеттілігін бағалау

1. Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігін бағалау критериилері
2. Ғаламдық бәсекеқабілеттілік индексінің (ҒБИ) мазмұны

1. Ұлттық экономика халық шаруашылығының өзара байланысты бөліктері мен салаларының жиынтығы ретінде қарастырылады. Оның маңызды сипаттары ретінде өндіріс көлемдері тауарлар мен қызметтерді тұтыну динамикасы, экономиканың құрылымы мен оның даму қарқындары қарастырылады. Бұл өз кезегінде қолдағы бар ресурстарды пайдалануға тәуелді яғни негізгі өндіріс факторлары: еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік пен зияткерлік қасиеттерді пайдалануға байланысты. Осыған орай экономиканы талдау пәнінің негізгі қызметі – жалпы және тиянақталған талдау мен зерттеу әдістерін пайдалана отырып негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді және ұлттық шоттар жүйесіндегі жиынтық экономикалық, статистикалық көрсеткіштерді талдау арқылы ұлттық экономиканың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларына кешенді баға беру. Талдау нәтижелері тиянақты, нұсқаулы, нақты бағалау мен қорытындылардан тұру керек және қажет болса, сандық деректермен, кестелермен және сызбалармен толықтырылуы керек.
Экономиканы талдау міндеттері жалпыға белгілі статистикалық және экономикалық талдау әдістерінен құралады. Оның ішінде негізгілердің бірі болып шаруашылық құрылымдарын (құрылыстарын) белгілі бір сипаттары бойынша (ауқымдау дәрежесі, мазмұнының біртектілігі, абсолюттік және салыстырмалы көлемдері, сапалық мәні және т.б бойынша) топтау жатады. Осыған байланысты жалпы экономикалық сипаттағы топтауға жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), ивистициялар және т.б. кіргізуге болады. Осы көрсеткіштерді экономиканың бөліктері, салалары деңгейінде қарастыруға болады. Сонымен қатар экономиканы талдауда аталған көрсеткіштерді уақыт мерзімдері бойынша елдік аймақтық деңгейде салыстыру және талдаудың да орны ерекше. Осының нәтижесінде экономиканың динамикалық және құрылымдық өзгерістерін анықтауға болады.
Экономиканы талдауда келесі статистикалық әдісті де қолдануға болады, яғни ол өткен кезеңдердегі динамикалық даму үрдістерін ағымдағы және перспективалы кезеңдерге таратуға негізделген астрополяция әдісі. Бұл әдістің қолайлылығы ұлттық жүйеде шаруашылық құбылыстарының өзгеру тенденцияларын анықтау арқылы қарапайым болжам жасауға мүмкіндік беретінінде. Экономикалық талдаудың тағы бір тәсілі жоғары білікті тәуелсіз мамандар мен ұйымдарды тарту арқылы эксперттік бағалаулар жүргізу талдаудың әр нұсқаулылығын қамтамасыз етеді. Тағы бір әдісі ретінде статистикалық көрсеткіштер мен экономикалық деректердің арасындағы корелляциялық байланыстар мен тәуекелділіктерді анықтауға болады. Экономикалық талдауда соңғы кезеңдерде экономикалық математикалық модельдеу мен статистикалық экономикалық көрсеткіштерді компьютерлік өңдеудің мәні артқанын атап өтуге болады. Олар арқылы талдау жұмысының оперптивтілігі қамтамасыз етіледі.


You must be logged in to leave a reply.