МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Турбо Паскаль бағдарламалау тілі……………………………………6
1.2 Turbo Pascal бағдарламасының құрылымы, жазу ережелері және тілдің әліпбиі……………………………………………………………………………….6-9
1.3 Турбо Паскальда амалдардың жазылуы……………………………9
1.4 Турбо Паскаль жұмыс ортасы мен терезе құрылымы………..9-12
1.5 Турбо Паскаль жайлы жалпы мағлұматтар………………………13-18

ІІ ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ
2.1 Берілген 1-есепті (мысалды) талдау………………………………..19
2.1.1 Массив түсінігі………………………………………………………….19-21
2.1.2 Түсіндірме сөздік………………………………………………………21-22
2.1.3 Программалау алгоритмі……………………………………………22-23
2.1.4 Қорытынды нәтиже………………………………………………………..24
2.2 Берілген 2-есепті (мысалды) талдау……………………………………..25
2.2.1 Массив элементтерін іздеу және реттеу…………………………25-26
2.2.2 Түсіндірме сөздік………………………………………………………26-27
2.2.3 Программалау алгоритмі………………………………………………..27
2.2.4 Қорытынды нәтиже………………………………………………………..28
III ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………37
IV ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР………………………40
V ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………..42


КІРІСПЕ

Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968-1970 жылдары Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры, швейцариялық ғалым Никлаус Вирт жасады. Оны Borland корпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталды). Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Turbo Pascal стандартты паскальдың барлық құралдарын қамтитын және жаңа құралдармен толықтырылған, кеңейтілген нұсқасы (біз оны кейде Паскаль деп те атаймыз).
Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3.0 нұсқысы) программалау тілі пайда болды. Содан бері Паскаль жалпы білімдік, кәсіптік-техникалық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында «бірінші» программалау тілі ретінде қолданыла бастады.
Турбо Паскаль тілін пайдаланудың қарапайымдылығынан пайдаланушылар арасында кең орын ала дастады.
Келе-келе Турбо Паскаль 4.0, ТП 5.0, ТП 6.0, және ТП 7.0 нұсқаларының дүниеге келуі кәсіпкер қолданушының еңбектегі өнімділігін арттыруға мүмкіндік беруге, қолданбалы есептерді шығаруда қолдануға үлкен үлес қосты. Енді осы тілдің ерекшелігі бірсыпыра мүмкіндіктерге толы болып келетінін ерекше атап өту қажет.
Бағдарламалау тілі дегеніміз – адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы. Бағдарламалау тілі екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассамблерде жазылған тіл- төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі адам тіліне жақындатылған Basic, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т.б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Паскаль бағдарламалау тілі француз математигі Блез Паскаль құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектепте оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болады. Ол Borland International компаниясында жасалды. Компилятор дегеніміз транслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі түріне арналып жазылғанбағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа айналдыру. Турбо Паскаль жүйесі — компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама. Жүйенің негізгі тапсырмалары есептеулерді үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару болып табылады. Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін программалау жүйесін қажетсінеді. Қандай да бiр кеңiстiкке орналасқан коммуникация жүйесi. Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер Вон Ньюман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады.
Тілдің алфавиті басқа тілдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсінікті, себебі оның әрбір амалы сипатталып отырады. Тілдің алфавитінің құрамына әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программада амалдардың орындалуына қажетті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литералдық) мәндік шамалары болады.
Программалау тілдерін оқыту қазіргі кездегі маңызды негіздердің біріне айналып отыр. ЭЕМ-ді адамқызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды (ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің құрамындағы) қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың ішіндегі бірінші деңгейдегі программалау тілі ретінде негізінен оқытылатыны – осы Паскаль тілі. Өйткені, компьютерлік сауаттіліқ пен программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Паскаль тілі алгоритмдік тілдердің ішіндегі кеңінен таралған тілдердің бірі болып табылады.
Мен, осы курстық жұмысты жаза отырып, Паскаль алгоритмдік тілімен танысып, оны пайдаланып, программалау құру жолдарын үйрендім. Алғашқы қадамдарда теориялық және практикалық материалдарға сүйене отырып жұмыс жасадым да, содан соң күрделі мәселелерге ауыстым.
1979 жылы қабылданған стандартты Паскаль тілінің кейінгі нұсқалары жетілдірілген. Қазіргі дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты тілдің Турбо Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің бірнеше нұсқалары бар, соңғы жасалған ең қуаттысы 7.0 нұсқасы болып табылады, бірақ, программалау бастамасын жүйенің 5.5 нұсқасынан бастап үйренген дұрыс.
Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кеңінен таралған стандартты программалау тіліне айналды.
Осы орта мүмкіншіліктері кең: Паскаль тілінде программалаудың негізгі принциптері, программа құрылымы, тілдің негізгі элементтері мен операторлары қарастырылған. Сонымен қатар, Паскаль тілінде программалар құру, күрделі құрылымдық типтер (жолдар, жиындар, жазулар, массивтер және файлдық типтер) қарастырылған.
Сондай-ақ, Паскаль тілінің графиктік және дыбысты басқару мүмкіндіктері толық қамтылған. Оқу құрылымының соңында программалар кітапханасы берілген.
Ақпаратты өңдеу жазылған есепті шығару алгоритмі бойынша жүзеге асады. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілі бар екені белгілі. Алгоритмді жазу тәсілдерінің ішінде компьютерде орындалатын программа түріндегі – оның программалау тілінде жазылуы ерекше орын алады. Программала тілі – компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа, ал алгоритмді жазу процесі программалау деп аталады.
Программалау тілі үш құраушының: алфавит, синтаксис және семантика бірлігі болып табылады.
• Тілдің алфавиті – тілдің сөйлемдерін жазуда пайдаланылатын, тілдің барлық символдарының жиынтығы.
• Тілдің синтаксисі – тілдің сөйлемдері мен оның құрамдас бөліктерін құру үшін пайдаланылатын ережелер жиынтығы.
• Тілдің семантикасы – тілдің синтаксисі бойынша құралған оның құрылымын түсіну ережесін анықтайды.


You must be logged in to leave a reply.