МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…….. 6
1 ОБЪЕКТТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ…… 11
1.1 Автоматтандырылатын жүйеге қойылатын талаптарды анықтау…… 11
1.2 Заттық аймақты талдау………. 12
1.3 Жобалау әдісі…….. 13
1.4 Деректердің моделі……… 14
1.5 Реляциялық деректер моделі……… 14
1.6 ДҚ-ның концептуалдық, логикалық және физикалық жобалауы…… 14
2 САТУ БОЙЫНША МЕНЕДЖЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖОБАЛАУ……. 21
2.1 Менеджердің жұмысының физикалық үлгісін жобалау……. 22
2.2 Тізбектік және кооперативті диаграммаларды салыстыру…….
2.3 Программалық іске асыруды сипаттау……..35
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ …….. 63
3 Программалық қолданбаның экономикалық тиімділікті есептеу……… 63
3.1 Жалақыға кететін шығынды анықтау…… 69
3.2 Программалық қамтаманы енгізудің тиімділігін есептеу…. 69
3.3 Жүйенің өтеу мерзімі ………. 70
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ ……. 71
4.1 Қауіпті және зиянды өңдірістік факторларды талдау ….. 71
4.2 Қорғаныс шаралары ……. 72
4.3 Өрт қауіпсіздігі ………. 74
4.4 Шуылды төмендететін құрылғылар…….. 76
4.5 Жұмыс орнының жарықталуы …… 76
4.6 Электр қауіпсіздігі…… 78
Қорытынды….. 81
Пайдаланылған әдебиеттер ……. 82
Қосымша А ……. 83

КІРІСПЕ

Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы фирмалардың басшыларынан тек тауар өндірісін ғана емес, сонымен қатар тауарлардың  ішкі және сыртқы нарықтағы өткізілімін басқарудың шеберлігін қажет етеді. Соңғы кездері нарықтық қатынастардың дамуына байланысты қазіргі кәсіпорындардағы жоспарлық-басқару іс-әрекеті жоғары деңгейдегі автоматтандыруды, жоспарлау мен басқарудың түрлі кезеңдерінде қолданылатын ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеуден өткізудің компьютерлік әдістерін игеруді қажет етеді. Персоналды компьютерлер барлық түрдегі жоспарлы іс-әрекеттер мен өндірісте орындалатын түрлі функцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жас мамандардың персоналды компьютерлерде жұмыс істеу, нарық жағдайындағы кәсіпорындардың жағдайы мен өсу серпініне талдау жасау, сондай-ақ олардың өндірістік-техникалық іс-әрекетін жетілдірудің әдістері мен үлгілерін әзірлеу ептілігінің болуы нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңіндегі мамандардың біліктілік деңгейіне қойылатын қажетті талабы болып табылады.

Автоматтандырылған технологияның қолданылуы жүйелік жоба материалдарының негізінде ақпараттық жүйелерді жүзеге асырудың қолданбалы программалық құралдарының жіктелуі мен қолданылуына жаңаша көзқараспен қараудың қажеттілігін туындатты. Негізгі жіктемелік критерийлер болып баптаудың еңбек сиымдылығы, компаниялардың АТ-менеджерлерінің жүйелік жобаның әзірлеушілерінен және оны жүзеге асырудың программалық құралдарының жобаға енгізілуі кезіндегі тәуелсіздігінің дәрежесі және консалтинг, енгізу және ілесе жүру жұмыстарының құны болды.

Программалық-ақпараттық жүйе, клиенттің мәліметтер жиынтығына сүйеніп, серверлік өнім болу керек. Бұл файл-серверлік және клиент-серверлік ортада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жүйе жылжымайтын мүлік агенттігі, мүлікпен жұмыс істейтін агенттердің қолдануына бағдарланған.

Енгізілетін мәліметтер алғашқы документтер түрінде берілуі керек, оларды жүйеге қолмен енгізеді және де ол мәліметтер кесте түрінде болады.

Қолданушылар заттық аймақты жақсы білуі керек және ОС Windows ортасында жеке компьютермен орташа жұмыс істей алуы керек.

Тұрғын үйлерге сұраныстың өсуіне байланысты, сатып алушыға, сатушыға, пәтерлерді жалға берушіге пәтер туралы ақпаратты тез іздеу, мәселесі туындайды.

Программаны орнатқан кезде жүйені қабылдайды және тестілейді. Программаның дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды, оны орнатқан кезде техникалық және программалық құралдарды қалпына келтіреді. Сонымен қатар керекті өзгертулер және қосымшалар, жүйенің эксплуатация кезінде айқындалады және енгізіледі.

Бұл программа әр талғамға байланысты сәйкес автоматты түрде сататын, сатып алатын, жалға бертін, жалға алынатын пәтерлердің тізімінен өзіне ұнаған пәтерді алу үшін арналған. Программа пәтерлердің, клиенттің қызметкерлер туралы деректерді негізгі ДҚ-дан алады.

Олай болса өзіне арналған тиісті программалық қамту болмаса, компьютер дегеніміз не. Бағдарламалық қамту дегеніміз ЭЕМ-ды математикалық қамту дегені тәрізді. Ал атап айтқанда бұл ЭЕМ-нің автоматтандырылған түрде қызмет етуін қамтамасыз ететін бағдарламалардың, суреттемелер мен функциялардың жиынтығы. Жалпы математикалық қамту (аталмыш ЭЕМ-де есептеу процесін ұйымдастыруға арналған) және арнайы математикалық қамтуды (нақты есептерді шығаруға арналған) айырады. Бағдарламалық қамту дегеніміз – біз өзіміздің мақсатымызға жету үшін пайдаланатын тұтқа.

Ақпараттық технологиялар ретінде әртүрлі ақпаратты әзірлеу, жинақтау, өңдеуден өткізу мен әдетте, қағаз бетінде беру процестері түсініледі. Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – бұл мәліметтердің түрлі базалары және ақпаратты жинақтап, сақтап және ЭЕМ жадындағы мәліметтер картотекасынан, каталогтардан, түрлі мұрағаттар мен кітапханалардан жедел іздестіруге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер [1, c.22].

Автоматтандыру мен есептеу машиналарын  басқару құрылғылары ретінде қолдануға негізделген өндірістің жаңа және аса жаңа технологиялары өндірістің еңбек сыйымдылығы мен қайта бапталуын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осы себептерге байланысты қазіргі заманғы «технология» түсінігіне ең аз дегенде үш компонентті енгізуге тура келеді: өндірістің құралдары, әдістері және оның ұйымдастырылуы, соның ішінде – деректер базасы, білім базасы, ЭЕМ-да жобалау құралдары бар компьютер техникасы. /4, 5-бет/

Ақпараттық жүйелер дегеніміз – ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеуден өткізу мен соны өңдеудің нәтижелерін өзіңізге қажетті түрде шығаруға арналған жүйелер.

Ақпараттық жүйелердің мәні қазіргі кезде аса зор болуда:

— автоматтандыру есебімен қызметкерді  кертартпа жұмыстан  босатады.

— ақпараттың шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.

— ақпараттың ДК-да одан да тиімді өңделуін қамтамасыз етеді.

Экономикалық ақпараттық жүйелер дегеніміз – пайдаланушының тапсырысы бойынша экономикалық ақпаратты сақтау, іздестіру және беруге арналған жүйелер. ЭАЖ уақыт барысында қызмет етеді және нақты бір объектіге арнап құрылады. ЭАЖ-да объектінің барлық элементтерінің өзара байланыстары көрініс табады. Ол деректерді өңдеу міндеттерін шешуге, кеңселік жұмыстарды автоматтандыру, ақпаратты іздестіру мен басқармалық шешімдерді қабылдау үшін жекелеген міндеттерді шешуге арналған.

 Дипломдық жұмыс / 67 бет


You must be logged in to leave a reply.