МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 МӘЛІМЕТТЕР ҮЛГІЛЕРІ 6
1.1 Мәліметтер үлгілерінің түрлері 6
1.2 Реляйиялық есептеу тілдері 10
1.3 Реляциялық алгебра тәсілімен қатынастарды өңдеу 12
1.4 Реляциялық мәліметтер қоймасы қатынастарының қасиеттері 18
1.5 Қатынастарды қалыптандыру 20
1.6 Қалыпты түрлер 24
2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДІ ҚҰРУҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРАЛ 31
2.1 Delphi – де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері 31
2.2. Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру 35
2.3 TQuery компонентімен жұмыс 39
2.4 TDBGrid компонентін қолдану 45
3 «ҚОНАҚ ҮЙ» ПРОГРАММАСЫН СИПАТТАУ 54
3.1 Программаның негізгі терезесі 54
3.2 Клиентпен жұмыс 54
3.3 Бөдмелер мен қызмет түрлерін өзгерту 56
3.4 Тұрып кеткен клиенттер туралы ақпарат 56
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60

КІРІСПЕ

Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде орындайтын бірінші машина XVII ғасырда пайда болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай, оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны өнертапқыш Вильгельм Шиккард жасап шығарды.
1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез паскаль кеңсенің есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған арифмометр жасады.

1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид Лейбниц Паскаль машинасының мүмкіндігін кеңейтті. Ол жасаған «Лейбництің тісті дөңгелегі» деп аталатын машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, бөлу және түбір табу амалдарын орындайтын еді.
XIX ғасырда ағылшын математигі Ч.Бэббидж «Аналитикалық машина» деп аталатын программаланатын автоматты есептеу құрылғысының нұсқасын жасады. Программалар кодталып перфокарталарға түсірілді. Бұл әдісті Бэббидж тоқыма станоктарындағы амалдарды бақылауға алғаш пайдаланған француз өнертапқышы Ж.Жаккардтан алды.

Бэббидждің ойынша бұл командалар жұбын және мәліметтерден тұратын топтарын бірте-бірте енгізгенде автоматты түрде әр түрлі есептеулер орындауы тиіс еді. Картадағы тесіктердің орналасу тәртібін және карталардың келу ретін өзгертіп, есептеу ретін өзгертуге болатын еді (басқаруды шартты түрде беру идеясы!).

Жобаның меценаты (қамқоршысы) – белгілі ақын Джорж Байронның қызы графиня Ада Лавлейс (Ada Lovelace) осы «аналитикалық машинаның» программисті болды. Ондық жүйенің орнына екілік жүйені қолдану қажеттілігіне Бэббидждің көзін жеткізген сол Ада Лавлейс болды. Ол осы күнге дейін көкейтесті болып келетін программалаудың негізгі принциптерін жасады. Оның құрметіне 1979 жылы жасап шығарған алгоритмдік тіл  Ada – деп аталды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Герман Холлерит перфокарталарды сұрыптауға және санауға арналған бірінші электромеханикалық машинаны жасап шығарды. Табулятор деп аталатын бұл машина реледен, санағыштан және сұрыптаушы жәшіктен тұрды. Бұл машина 1890 жылы Америкада тұрғындардың санағын өңдеуге қолданылды. Холлерит 1896 жылы әйгілі IBM фирмасының негізі болатын фирманы ашты.
Екінші дүниежүзілік соғыс есептеу құрылғыларын және оларды өндіру технологиясын жетілдіруге дем берді. 1944 жылы Говард Айкен IBM-нің бір топ зерттеушілері релелік логикалық элементтерге негізделген электрлік есептеуіш машинасын жасады.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты қонақ үй жұмысының процестерін жеңілдету болып табылады. Қонақ үйге келген клиенттердің барлық сервис түрімен қамтамассыз еті, тұрып кеткен клиенттер туралы ақпаратты сақтау және көптеген мүмкіндіктері бар бұл программа қонақ үй жұмысына керек программа екеніне толық сенімдімін.

Программа Delphi ортасында дайындалды. Мәліметтер қоры ретінде Paradox 7 программасын пайдаланылды.

 Дипломдық жұмыс / 69 Бет


You must be logged in to leave a reply.