Қазіргі қоғамда үш дәстүр — бұқаралық қоғам, бұқаралық мәдениет және бұқаралық медиа үстем етіп отыр. Бұқаралық дәстүр мен қоғамдық қозғалыс күшіне енген дәуірде БАҚ-тың рөлі мен оның даму бағдары қандай болмақ? Өркениетті елдерде мынандай ақпараттық заңдылық айқындалуда: 1. Бұқаралық ақпараттың саны да, оның атқаратын қызметтері де көбеюде; 2. Оның ұғымдары мен ұстанымдары туралы түсініктер мен көзқарастар сала-салада ауқымдалуда; 3. Информация мен коммуникативті қызметтердің адам мен қоғамның әр жағына әсер етер сапалық көрсеткіштері де өсуде.Информациялық дәуірдің және оның коммуникативті сипаттамасының ерекшеліктері қарқындауда. Бүгінгі таңда информацияны екі деңгейде — әлеуметтік-мәдени жаңғырудың және әлеуметтік субъектілердің арақатынасының жүйелі тәсілі ретінде қабылдау қалыптасқан. Ал бұқаралық медиа саясаттың қуатты құралына, идеологияның кең таралған көрсеткішіне, әлеуметтік-мәдени практиканың жалпылама түріне айналуда. Қысқасы, ол адам іс-әрекеті мен өркениеттің барлық саласында шешуші стратегиялық факторға айналуда. Батыста тіпті «информацияны кім иемденсе, билік сонда» (3.Ж.-Ф. Лиотар) деген пікірде кең таралған. Тегін айтылмаған сөз.

Себебі БАҚ адамның өмірлік кеңістігінің қалыптасуына ықпалын арттыруда. Ал кезкелген адам қазіргі БАҚ-ң ықпалын күн санап тереңірек әрі саралап сезінуде. Сезімталдық қос заңдылықты айқындауда: 1. Адамның ұнату қабілеті жаңғырған, күшейген және кеңейген сайын БАҚ жүйесінің реттеуші және бақылаушы рөлі шектелінуде; 2. ¬Өзінің ішкі дүниесін ұйымдастыратын, үйлестіретін, ұстайтын адам ақпараттың шашыранды ықпалына ұрына бермейді. Содан әр әлеуметтік орта мен идеялық жүйеде басқа коммуникативті-мәдени жағдайдың қалыптасуы, сыртқы насихаттық ықпалдың күшеюі аңғарылады. Осыдан ХХ ғ. ортасында Г. Лассуэл: «бұқаралық коммуникацияның негізгі функциясы — ортаны бақылау, қоғамның түрлі бөліктерін реттеу және әлеуметтік-мәдени мұраны жеткізу» деген тоқтамды ұсынды (1).

Ұсынысқа халықаралық деңгейдегі ұлттық бірлестіктің және қоғамдық ұйымдасудың қарқынын жеделдету, өлкелік бетбұрыстардың адамдық өзгерістерін қалыптастыру және бағалау қажеттілігі себеп болды. Осы бағытта БАҚ-ң атқарар қызметі қыруар. Әсіресе жаһандану сарынында, әлемдік дағдарыс иірімінде БАҚ-а деген талап күшеюде. Халық а) қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы объективті мәліметтерді дер кезінде есіткісі келеді; ә) БАҚ-н ендігі адресті кеңістікте жүйелі әрі тиімді қызмет етуін күтуде. Тіпті ақпарат жүйесіне, оның басты ұғымдары мен қағидаларына деген субъективті (қауымдастық, қоғамдық, партиялық, тіпті индивидуальды) көзқарастар мен талғамдар кең таралуда, әрқалай өрбуде.

Байланыстың қазіргі жаңа құралдары әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың мәдени құндылықтарын жан-жақты және жедел айырбастауға нақты мүмкіндіктерді кеңейтуде. Информациялық айырбастың салдары әрқалай. Байыбына барсақ, информациялық айырбас а) жеке адамның дүниеге деген өзіңдік түсінігің басқа дәуір мен халықтардың тәжірибесі арқылы тыңайтады; ә) индивид пен бұқаралық топтардың мәдени кескінін қалыптастырудың мүмкіндігін кеңейтеді; б) қоғамдық дамудың заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік тудырады, көмектеседі.

 Реферат / 10 бет


You must be logged in to leave a reply.