ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Файлдар мен папкаларды жасыру.
  2. Жүйелік қорғау.
  3. Локальды қатынастан қорғау.
  4. Компьютерді және Windows жұмыс столын тұйықтау
  5. Компьютерді осалдыққа тексеру.
  6. Windows XP қалыпқа келтіру жабдықтарын  зерттеу.
  7. System Restore жүйені қалыпқа келтіру жабдығы.
  8. Жүйе қауіпсіздігін талдау және баптау үшін Windows XP администрациялау жабдықтарын пайдалану.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Windows ОЖ өзінің алдындағы MS DOS-тан көптеген қасиеттерді иемденіп отыр, оның ішінде файлдық мониторлардың тізімдік терезелеріндегі (“Проводник”, Менің компьютерім, Windows Total Commander және т.б) файлдар мен папкалар аттарын көрсетпеу мүмкіндігі де бар. Компьютер локальды желінің жұмыс станциясы болып табылса, мұндай мүмкіндіктерді пайдаланған дұрыс. Жүйелік администратордың басқаруындағы локальды қауіпсіздік саясатының көмегімен жасыру мүмкіндігін орнатып, бұзуға жол бермеуге болады. Оның 2 тәсілі бар:

— Белгіленген файл (файлдар тобы) немесе папка үшін жасырын атрибутын орнату. (сурет 1.1);

Жасырын атрибутты файлдар мен папкаларды көрсетуге тыйым орнату (сурет 1.2);

Осы операциялар орындалғаннан кейін жасырын файлдар мен папкалар көлденең көзге файлдық тізімде көрінбейтін болады, файлдарды іздеу терезесінен де көрінбейді. Оны сол жасырылған мәліметтердің иесі де көрмейді. Жасырын файлдар мен папкаларға қол жеткізу үшін оларға қойылған тыйымды алып тастаса жеткілікті, ол үшін мынадай әрекеттер орындалады:

Жасырын файлдар мен папкаларды көрсету ауыстырып-қосқышын қосу (сурет 1.2а);

Жасырын жүйелік файлдарды (тек тәжірибелер үшін) көрсету жалаушасын орнату (сурет 1.2б);

Егер компьютер — желінің жұмыс станциясы болса, онда жасырын файлдар мен папкалардың егесі тәжірибелі қолданушы құқығында болады, ол құқық жүйелік администратор арқылы беріледі. Қолданушының Windows баптауларын және файлдық мониторларды басқаруға, “жасырын” атрибутын орнатуға мүмкіндігі болмайды, ал жасырын файлдар мен папкалар оған көрінбейтін болады. Қолданушыдан талап етілетіні — тәжірибелі қолданушы құқығын сұрап, жүйелік администраторға жүгіну ғана.

курстық жұмыс / 30 бет


You must be logged in to leave a reply.