МАЗМҰНЫ

Кіріспе
I тарау. Алгоритмнің программалау негіздеріндегі ролі
1.1. Алгоритмдеуді мектеп курсында оқытудың маңызы
1.2. Алгоритм туралы ұғым
1.3. Блок-схема түрінде алгоритмдердің бейнеленуі
II тарау. Орта мектепте паскаль тілі программасын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
2.1 Паскаль тілі программасының негізгі ұғымдары
2.2 Сызықтық құрылымды алгоритмдерді және тармақталу алгоритмін программалау
2.3 Циклдік құрылымды алгоритмдерді программалау
2.4 Бір және екі өлшемді жиымдар
2.5 Графикалық объектілерді программалау
2.6 Процедуралар және функциялар
2.7 Символдық шамалармен жұмыс
IІI тарау. Орта мектепте паскаль тілі программасын оқытудың әдістемелік үлгілері
3.1 Деңгейлеп оқыту
3.2 Жаттығуларды шешу жолдары, cабақ жоспары, тест тапсырмаларын ұсыну
3.3 Орта мектепте Паскаль тілі программасын оқытуда интелект- картаны қолдану
3.4 «Программалау негіздерін» оқытудағы көп нұсқалық әдіс
3.5 Программалау тілдерін оқытудың модульдік технологиясы
3.6 Программалау тілдерін оқытуда дидактикалық материалдарды пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Кіріспе

Қазіргі заманда адам көп істі компьютер пайдалану арқылы атқарады. Кез келген міндетті орындау алгоритмінің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын-ала жазылуын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмдерді құру екені көрінеді.

Қазіргі қоғам өміріндегі  алгоритмдеудің ролі оны пайдаланудың техникалық аспектілермен ғана айқындалмайды. Алгоритмдік қатынас адамның күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекеттерінің алгоритмдік мәнін қаншалықты дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек; әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алдгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Мұнда алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кезде кең тараған программалау тілінің бірі —  Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылып, оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады.

Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:

• «Алгоритм», «программа» ұғымы.

• Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.

• Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.

• Әр түрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану жолдары т.б.

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып  алынған.

Біздің негізгі мақсатымыз – мектеп курсындағы жаңа бағдарлама бойынша 2005-2006 оқу жылында ғана Информатика пәніне енгізілген 9-сынып оқулығындағы Паскаль тілі программасының оқытудың әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталамыз және көкейтесті бірнеше мәселелерді қарастырып, шешу жолдарын ұсынамыз. Ойымыз дәлелді болу үшін жоғарғы оқу орнының материалдарымен салыстырып, айырмашылықтарына баса назар аударып, ондағы қолданатын тәсілдерді мектеп деңгейінде қарастырамыз.

Күнтізбелік жоспар бойынша 9-сыныпта Паскаль тілін оқытуға (алгоритмдерді қоса есептегенде) бар-жоғы 24-26 сағат ғана бөлінген.

Жобаның өзектілігі: Сондықтан оқушылардың материалды толық меңгеруге- сағаттардың аздығы, игеретін материалдардың тығыздығы өте үлкен әсер етіп отыр.

Практикалық маңызы: Қосымша мұғалімдерге арналған әдістемелік оқулық, ал оқушыларға арналған есептер мен жаттығулар жинағы бар, бірақ есептер деңгейлерге бөлінбеген, шығару жолдары көрсетілмеген. Осы себептен біз осы жұмыста есептерді 3 деңгейге бөліп қарастырдық және әрбір тараудан кейін тест тапсырмасын беріп отырмыз. Сондай-ақ біз жаңа материалдарды түсіндіргенге интелект картаны ұсынып отырмыз.

 Дипломдық жұмыс / 86 бет


You must be logged in to leave a reply.