КІРІСПЕ

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Пәндік аумақты сипаттау
1.2 Бағдарламалау тілінің элементтерінің көрсетілуі

2 АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Тапсырманың жалпы қойылымы
2.2 Бағдарламаның құрылымды және функционалды сызбасы
2.3 Модуль, функция, процедураларды сипаттау
2.4 Идентификаторлар кестесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Ә
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В

КІРІСПЕ

Әр түрлі ұйымдар табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сондықтан да көптеген компаниялар, фирмалар мәліметтер қорымен жұмыс істейді.

Қолданушылар көзқарасы бойынша мәліметтер қоры  – ақпаратпен жұмыс жасайтын бағдарлама. Бұл бағдарламаны іске қосқанда экранда кесте шығады, мұнда қолданушы өзіне керекті ақпаратты ала алады.

Бағдарламалаушылардың көзқарасы бойынша мәліметтер қоры – файл жиынтығы, осы жиынтық ақпаратты сақтайды.

Мәліметтер қоры – ақпаратпен белгілі бір іс-әрекет жасауға болатын (қосу, жою, өзгерту, көшіріп алу, жүйелеу, сақтау, жинақтау және т.б.) жүйеленген мәліметтердің үлкен көлемінің сақталатын жері.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуді үйрену арқылы адамзат өміріндегі ақпаратты сақтау бойынша көптеген мәселелерді дұрыс, тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік алады. Ол ірі корпорация, техникалық завод, жеңіл өндірісінің фабрикасы, сауда орталықтары немесе кішігірім үй кітапханасы болсын мәліметтерді есепке алуға, оларды өңдеуге, сақтауға, қосуға, жоюға бағытталған әрекеттерге сұраныс міндетті түрде пайда болады.

Бұл жоба адамның жеке саяси өмірінде болсын, фирмалар мен компанияларда болсын өздерінің алдағы уақыттағы істерін жоспарлап қоюға арналған кунделік. Осы тақырыпқа мәліметтер қорымен байланысқан қосымшаны жазбас бұрын ең алдымен осы тапсырманы шешуге арналған бағдарламалау тілдерін қарастырып, олардың ішінен ең тиімдісін таңдаған жөн болар еді, сондай-ақ жалпы мәліметтер қорларының не екенін, олардың мәні мен мағынасы неде деген сұрақтарға жауап беру қажет.

 Курстық жұмыс / 38 бет


You must be logged in to leave a reply.