28. декабря 2011 · Комментарии к записи Макростарды бухгалтерлік есептеуде қолдану отключены · Categories: Информатика, автоматтандыру, бағдарламалау

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ 6
1.1 Мәліметтер базасының негізгі түсініктері 6
1.2 Мәліметтер базасының обьектілері 11
1.3 Мәліметтер базасын жобалау 12
2 МАКРОСТАРДЫ ҚОЛДАНУ 15
2.1 Access – тегі макростар 15
2.2 Макростарды конструктор режимінде құру 18
2.3 Макростарды жіберу тәсілдері 23
3 «ЗЕЙНЕТАҚЫЛЫҚ ҚОР» БАНКТІК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ЭТАПТАРЫ 28
3.1 Автоматтандырылған банк жүйесін енгізу 32
3.2 Пәндік облыстың концептуальды үлгісін құру 37
3.3 Мәліметтердің логикалық үлгісін құру 40
3.4 Microsoft Access ақпараттарды эффективті басқару үшін қуатты қосымшаның бірі 42
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46
ҚОСЫМША А 47

КІРІСПЕ

XXI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтуімен сипатталады. Ақпараттардың құрылымымен қасиеттерін білу, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте керегіндше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.

Қазіргі уақытта адам іс әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды, сонымен қатар оның маңыздылығы арта түсіп отыр. Осыған байланысты жаңа программалаудың жаңа тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде қажет екендігін көрсетеді. Осы орайда мәліметтерді автоматтандыру, деректер қорын басқару және мәліметтердің түрленіп тасымалдануы бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Макростарды бухгалтерлік есепте қолдану. Электрондық есептеуіш машиналардың көмегімен ақпараттарды өңдеу ғылыми – техникалық процесстерді жеделдету факторларының бірі болып саналады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: мәліметтер қорын ұйымдастырып, теориялық негіздерін айқын ашып көрсету, сонымен қатар теориялық білімді практика жүзінде ұштастырып, берілген бағдарламаны іске асыру болып табылады.

Мекемелердің көпшілігі үлкен көлемді мәліметтерді тиімді сақтауға, ақпаратты алуға және басқаруға мүмкіндік беретін компьютерленген мәліметтер қорын басқару жүйесін қолдануды жөн көрді. Қазіргі қоғамда ғылыми техниканың даму барысында адамзат алдындағы басты жетістіктердің бірі ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс жасап, мәліметтерді автоматтандыру, мәліметтер қорының негізгі түсініктерімен қатар Microsoft Access жүйесінің көмегімен банк жүйесін автоматтандырудың зертханалық жұмысы қарастырылды. Банк саласы кез – келген республиканың экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Осы орайда банк жүйелерін автоматтандыру қоғам өмірінің зор қажеттілігіне айналды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Microsoft Access ортасында мәліметтер қоры жүйелерін құру мүмкіндіктерін қолдану арқылы «Банк жүйелерінің жинақтаушы зейнетақылық қорын автоматтандыру» бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Microsoft Access жүйесінің мәліметтер базасын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктер бар. Microsoft Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қуатты құрал ретінде көрсететін оның бірнеше негізгі ерекшеліктерін атап көрсетейік:

—              Windows интерфейсі – тұтыныушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын әртүрлі менюлер, терезелер, батырмалар тәрізді стандартты графикалық интерфейс элеметтерін пайдалану;

—              Түс және графика – экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын әртүрлі қаріптерді, түстерді, белгілерді (пиктограммаларды) және одан да басқа графикалақ элементтерді пайдалана отырып, экранға көптеген мәліметтер шығару;

—              Программа шеберлері (Wizards) ымен қарапайым әрі логикалақ айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез-келген элементтерін тез құру;

—              Оқиғаларды программалау – программа экранда көрініп тұрған элементтермен тікелей байланыса алады және солардан кейінгі менюден команда таңдау, кез-келген бір батырманы шерту сияқты әрекеттерді жүзеге асыру;

—              SQL – мәліметтерге тез қол жеткізі тәсілі ретінде программаларда, макростарда және өрнекткрде SQL операторларын пайдалану.

Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлері объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынылатын қызымет түрінің өзгешелігіне қарамастан оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Солардың ішінен Microsoft Office программасының құрамына енетін Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесі таңдалынып алынды.

  Диплом жұмысы / 47 бет


Comments closed.