МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 тарау. Компьютерді қолданушыларды электронды ақпаратпен қамтамасыз ету жолдары. 6
1.1. Оқыту процесін компьютерлендіру 6
1.2. Электронды оқытудың негізгі мәселесі – электронды ақпаратпен қамтамасыз ету. 11
1.3. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдалану. 23
1.4. Мультимедиа құралдары мен технологиялары 33
1.5. Қашықтан оқыту 35
2 тарау. Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау 37
2.1 Мәліметтер қорын құруда Delphi-дің мүмкіндіктері 37
2.2 Мәліметтер қорын басқару программасы. 43
Қорытынды 48
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 50

Кіріспе 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені мәлім. Ендеше қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісін жетік игерген, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлғаға айналады. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыруға негіз қалап отыр.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында да «… экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру …» және «… кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыда шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болды…» деп атап көрсетілген. Сондай-ақ «оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану — жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі» делінген.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика міндеттерін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін  құрайтын саяси-экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық-коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістері айқындайды.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызда жиі кездеседі. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуімен ролінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол оқыту мазмұны,  әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез – келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабар талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларды өз еркіндігіңді шектей білу.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «… экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру …» және « …кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады…» деп атап көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандағы жаңа қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық шарттар білім беру саласында ұстанымдық жағынан жаңа жағдайлар жасады. Орта білім беру жүйесінен демократиялық мемлекеттің және нарық экономикасының талаптарына жауап беретіндей етіп түпкілікті қайта құру талап етіледі» деп жазылған.

Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни біріңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген ақпараттық-білімдік біртұтас кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаның міндеттерінің бірі – мектептерді жаппай компьютерлендіру.

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық үрдісінің негізіне айналдыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдеп даму барысына қоғамның экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның қарқындап дамуы кез келген компьютерді қолданушының әлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне мүмкіндік туғызады.

Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне: оның іргелілігі, алдын алу сипаты және және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қауымдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуі де тікелей қатысты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де

 Дипломдық жұмыс / 54 бет


You must be logged in to leave a reply.