ЖОСПАР
Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары
2. Электронды оқу басылымдарына қойылатын дидактикалық талаптар
3. Электронды оқу құралдарын жасау технологиялары мен әдістемесі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Білім жүйесінің ақпараттануы  жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде. Оларға электронды оқу құралдарын (ЭОҚ) жатқызуға болады. Көп жағдайда электронды оқулықты жауаптары бар сұрақтар жиынымен жабдықталған жай кітаптың көшірмесі түрінде елестетеді. Мұндай көзқарас қарапайым, дәл емес және қарастырылып отырған құбылыстың барлық ауқымын қамти алмайды. Ол компьютерлік оқу құралдарының оқушылардың когнитивті саласына потенциалды әсер ету мүмкіндіктерін толық бағаланбауымен байланысты.

«Жаңа ақпараттық технологиялар» дегеніміз ақпараттық қамтамасыз ету және білім беру сияқты интеллектуалды сфераларда сапалы түрде жаңа өнім, қызмет жасау үшін мультимедия және телекоммуникация құралдарын қолданып, ақпаратты сандық түрде алу, жинақтау , сақтау, іздеу, өңдеудің ауқымды ғылыми технологиялары. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялар компьютер, компьютерлік оқу программаларын  және ақпарат алмасу желісінің болуын қажет етеді. Осы компоненттер бірігіп оқушының өздік жұмысын және оның оқу материалымен жұмысын қадағалауды қамтамасыз етіп, ақпараттық-жабдықтық оқу ортасын құрайды.

Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде әртүрлі ойлар айтылуда. Біреулер оны мадақтаса, екіншісі мойындамайды. Бұл көзқарастар осы салыстырмалы түрде жаңа саладағы субъективті тәжірибенің шектілігімен түсіндіріледі. Ос сала бойынша объективті баға тек берілген тақырып жөнінде мәліметтердің үлкен көлемін саралаудан кейін ғана қойылуы мүмкін.

Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды, себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.

Оқу орындарында ЭОҚ-н жасау , енгізу, қолданудың бірегей концепциясын құру:

  • Оқушылар мен оқытушылардың қажет оқу құралымен қамтамасыз етілуін жақсартады;
  • Оқу процесін сапалы түрде жақсартатын, ақпаратты беру және қорытудың қосымша жүйелерін қолданудың арқасында білім сапасын көтеруге;
  • Оқу және біліктілік деңгейін көтеру жүйесіне қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар енгізу арқылы ұстаздардың біліктілігін арттыруға;
  • Түрлі процестер мен құбылыстарды модельдеуге;
  • Оқу процесін жетілдіру бойынша басқа білім ордаларымен сайысқа түсіп, оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге;
  • Интернет негізінде қашықтықтан оқытуды қолдану арқылы білім беру қызметінің аясын кеңейтуге;
  • Әрбір оқушыға (студентке) жеке әдіс-тәсіл қолдануға;
  • Оқушыны қатесін саралау және кері байланыс арқылы жедел қадағалауға;
  • Оқушы оқу -танымдық әрекетін өзіндік бақылаумен қамтамасыз етуге;
  • Оқу мәліметін визуальды демонстрациялауға және т.б.

мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.