26. декабря 2011 · Комментарии к записи Cdma ұялы желісі / диплом жұмысы отключены · Categories: Информатика, автоматтандыру, бағдарламалау

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 Қолданыстағы желінің сипаты және CDMA стандартындағы жүйенің жұмыс істеу қағидасы 5
1.1 Ауданның сипаттамасы 5
1.2 Аудандағы қазіргі кездегі байланыс күйі және сызықтық- кабельдік қондырғылар 5
1.3 Мәселелер және оларды шешу жолдары 7
1.4 CDMA ұялы байланыс желісінің негізгі ерекшеліктері 9
1.5 Технологияның жұмыс істеу қағидалары 14
1.6 Ұзынағаш ауылында желіні құрудың негіздемесі 18
1.7 Қондырғылардың қысқаша техникалық сипаттамалары 19
2 CDMA желісін Ұзынағаш ауылында құруды техникалық есептеу 22
2.1 Жобаланатын желідегі абоненттік жүктемені есептеу 22
2.2 CDMA желісі үшін ұяшық радиусын есептеу 26
2.2.1 Желілік жоспарлау 26
2.2.2 Ұяшық радиусын зерттеу 28
2.3 BTS және МS қосылуларын есептеу 34
2.4 Базалық станцияның күшейткішін есептеу 41
2.5 Бағытталу диаграммасын есептеу 47
2.6 Аппаратура сенімділігін анықтау 49
3 Алматы – Ұзынағаш аралығында радиорелейлі байланыс линиясын техникалық есептеу 54
3.1 Өту жолының қимасын тұрғызу 54
3.2 Антенналарды ілу биіктігін анықтау 59
3.3 Байланыс сенімділігін анықтау 62
4 Бизнес-жоспар 67
4.1 Жобаның маңызы 67
4.2 Оператор жайында ақпарат 68
4.3 Желінің артықшылықтары мен қызмет түрлері 68
4.4 Нарық 70
4.5 Менеджмент 72
4.6 Тұтынушыларды қызықтыру 73
4.7 Қаржылық жоспар 74
4.7.1 Капитал салымдары 74
4.7.2 Эксплуатациялық шығындар 75
4.7.3 Компанияның пайдасы 77
4.7.4 Қайтарылу мерзімін есептеу 80
5 Өміртіршілік қауіпсіздігі 82
5.1 Еңбек шартының анализі 82
5.2 Жұмыс орнын жобалау есептері 88
5.2.1 Жарықтандыруды есептеу 88
5.2.2 Өрт қауіпсіздігі 90
5.2.3 Жұмыс аймағының ауасын есептеу 93
5.2.4 Найзағайдан қорғану 95
ҚОРЫТЫНДЫ 99
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ 100
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 101
А ҚОСЫМШАСЫ 103
Ә ҚОСЫМШАСЫ 104
Б ҚОСЫМШАСЫ 105
В ҚОСЫМШАСЫ 106
Г ҚОСЫМШАСЫ 107
Ғ ҚОСЫМШАСЫ 108
Д ҚОСЫМШАСЫ 109
Е ҚОСЫМШАСЫ 110
Ж ҚОСЫМШАСЫ 111
З ҚОСЫМШАСЫ 112

КІРІСПЕ

Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік стандарттарға жауап беретін және жоғары сапалы және тұрақты байланыс сұраныстарын қанағаттандыратын телекоммуникация технологияларын дамытуды қолға алуда. Экономикалық жағдайдың жақсаруы елдегі байланыс сапасына, оны кеңейтуге деген сұранысты арттырады. Қазіргі кезде байланыс желлері тарапынан көрсетілетін қызмет түрлеріне деген сұраныс қарқынды өсуде. Әрқашан «қолымызда» болатын жеке байланыс құралдарын пайдаланып, мәліметтер мен сөзді тарату мүмкіндігі пайда болды. Жеке байланыс бәріне ортақ сөйлесу құралы ретінде қолданыла бастады.

Қазіргі кездегі телекоммуникациялық құралдардың ішінде ұялы байланыс желілері ең жылдам дамуда. Оны енгізу жиіліктер жолағын тиімді пайдалану және телекоммуникациялық желілердің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, берілген дипломдық жобада Ұзынағаш ауылында ұялы байланыс желісін құру мәселесі қарастырылады. Ұялы байланыс стандарттарының ішінде ауыл ішінде орнатуға тиімді болғандықтан CDMA стандартындағы желі таңдап алынды. CDMA технологиясының жоғары сыйымдылық, жоғары бөгеуілге шыдамдылық және жүйе құрылымының қарапайымдылығы секілді артықшылықтары оны пайдалану тиімділігін негіздейді.

Үшінші ұрпақтың ұялы байланыс стандарты болып саналатын CDMA стандарты тұрғындар саны аз және орналасуы бойынша қиын аймақтарға байланыс қызметтерін көрсету үшін өте ыңғайлы. Аудан орталығы Ұзынағаш пен оның қарамағындағы ауылдарды 3G ұялы байланысымен қамту абоненттерге тиімді және аз шығынды қажет ететін байланысты ұсынуға мүмкіндік береді.

 Диплом жұмысы / 112 бет


Comments closed.