28. декабря 2011 · Комментарии к записи «Акоя» ЖШС жұмыс орталығының қызметтері отключены · Categories: Информатика, автоматтандыру, бағдарламалау

ЖОСПАР
1. Кіріспе
2. Жалпы бөлім
2.2.2 Аппараттық қамтамасыз ету
2.2.3 Бағдарламалық қамтамасыз ету құрамы
3. Жеке тапсырма
4. Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

«Акоя» ЖШС 2006 жылы 15 сәуірде құрылған. Оның негізгі  қызметтік бағыты ИТ-Аутсорсинг, ИТ-Аудит, компьютерлік техниканың жеткізілімі, бағдарламамен қамсыздандыруды қамтамасыз ету БҚ ресмилендіруде көмек, проектілеу-монтаж, бейнебақылау жүйелерін ұйымдастыру болып табылады. Компания проектілеу, монтаждау, структурлық кабельдік желі құрамына енетін локальды есептеуіш желілерді қондыру, сонымен қатар күзет дабылқаққыштарын қондыру мен проектілеу жұмыстарымен де айналысады.

Компания информациялық техниканы оптимизациялау мақсатындағы шығындарды өз мойнына алады. Компания жұмысының нәтижесінде қызмет сапасы күшейеді, ал сіздің шығындарыныңыз азаяды.

«Акоя» ЖШС-ның жеке меншік дүкені Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі «Алмаз» сауда орталығында орналасқан. Дүкен қоймасының аумағы  50 шаршы метр. Сонымен қатар басты кеңсе және жөндеу шеберлерінің жылжымалы құрамы бар.

Өз  қызмет жылдарында «Акоя» кәсіпорны мынадай  басқармалармен бірлесе жұмыс атқарды: Қызылорда облыстық Білім департаменті, Қызылорда облыстық Наркологиялық орталық. ОҚО Қаржы комиссиясы, ОҚО Қорғаныс департаменті, ОҚО Білім департаменті, Мақтарал аудандық әкімшілігі, Бәйдібек аудандық Әкімшілігі, Сарыағаш аудандық  Әкімшілігі, Қазығұрт аудандық Әкімшілігі, Арыс қалалық Әкімшілігі, Мақтарал аудандық Білім басқармасы және т.б

Компания жыл сайын өз жұмыс тәжірибесін жинақтап келеді. Компания сапалы қызмет етеді және өз жұмысына кепілдік береді. Компания құрамында жоғары квалификациялы мамандар жұмыс атқарады. Компания жоғарғы техникалық құралдармен жабдықталған. 2011 жылдың сәуір айында «Акоя» компаниясында Интернет сатылым атты жаңа бөлімше пайда болды. Қазақстандағы Интернет-сауданың динамикалық дамуын есепке ала отырып, біздің Интернет-дүкен сіздерге сауданың заманауи түрін ұсынады: қолжетімді, ыңғайлы, жылдам және  ұтымды. Егер сізде тауар таңдау туралы қиындықтар туындап жатса, компанияға телефон арқылы хабарласып, сату бөліміндегі менеджерлерден профессионалды кеңес ала аласыз. Интернет-дүкенмен жұмыс жасаудың басты ерекшелігі- тауардың тапсырыс берушінің есігінің алдына дейін жеткізілуі, қолжетімді бағамен сатып алуы және тауар қолына түскен сәтте  төлем жасауы болып табылады.

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, кәсіпорындағы келеңсіз жағдайларды болдырмауға куәлік етеді. «Акоя» ЖШС компьютерлік техниканы өндіретін өндіріс орындарымен тікелей серіктесе жұмыс жасайды.

  Курстық жұмыс / 32 бет


Comments closed.