28. декабря 2011 · Комментарии к записи Солтүстік Америкаға жалпы шолу отключены · Categories: География, Геология, Геодезия

Мазмұны

Кіріспе …….3
1. Америка Құрама Штаттарына жалпы шолу…….4
1.1 АҚШ-ң физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы…..4
1.2 АҚШ-ң халқы……8
1.3 АҚШ-ң шаруашылығы….11
2. Канадаға жалпы шолу…….16
2.1 Канаданың физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы….16
2.2 Канаданың халқы мен ұлттық құрамы……18
2.3 Канаданың шаруашылығы мен сыртқы байланыстары…..20
Қорытынды. ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі….25

Кіріспе

Тақырыптың  бірінші  бөлімінде  Америка Құрама Штаттарының  табиғат  жағдайы, географиялық орны  көршілес  мемлекеттердің  даму  деңгейі,  оның  экономикасына  сипаттама беріледі. Америка Құрама Штаттарына  жалпы  жолу  яғни  жалпы  географиялық  орны  көршілес  мемлекеттінің  даму  деңгейіне  тигізетін  әсері  қандай,  экономика,  ол  қай  бағытта  дамып  жатыр,  халқы  санының  өсуі,  табиғат  ресурстары  әсіресе, өндірісінің  алатын  орны  ерекшелігі туралы ауқымды материалдар келтірілді.  Ал  екінші  бөлімде  Канаданың әлеуметтік-экономикалық жағдайы,  сыртқы  экономикалық  қарым-қатынастары  қарастырылады.

Жұмысының мақсаты – Солтүстік Америка елдерінің өркендеп, даму үстіндегі экономикасының басты саласы машина және химия өнеркәсібінің дамуына талдау жасап, бұл өндірістің қоршаған ортаға әсеріне баға беру және өзара тиімді байланыстың өзекті көздерін айқындау.

АҚШ пен Канада жалпы алғанда колайлы деп бағаланатын экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері мынадай:

•АҚШ кұрамына енетін Аляска және Гавай штаттары елдің басқа бөліктерімен кұрлық арқылы шектеспейді; бұл ел аумағында біртұтас көлік жүйесін қалыптастыруға кедергі келтіріп, әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарға себепші болады.

  • • Елдің шығысында Атлант, батысында Тынық мұхит сулары ұласып жатыр; бұл жағдай АҚШ-тың халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуына өте қолайлы әсер етіп, мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • • АҚШ өндірісін алуан түрлі шикізатпен және арзан еңбек ресурстарымен қамтамасыз етіп, өз кезегінде дайын тауарларды сатып алатын Латын Америкасы елдерінің салыстырмалы түрде жақын орналасуы ел экономикасының үздіксіз дамуына себепші болады.
  • • АҚШ-тың көршілес орналасқан Канадамен және Мексикамен кұрлықтық шекаралары шартты түрде өзен-көлдер, таулы аймақтар арқылы өтуі елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуына колайлы жағдай жасайды.
  • • Канада — дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Елдің солтүстік бөлігі Канада Арктикалық
    топаралындағы (архилелаг) аралдарды қамтыса, оңтүстігі мен солтүстік-
    батысында Америка Кұрама Штаттарымен шектеседі. Астанасы — Оттава
    қаласы.
  • • Канада — жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Шаруашылық құрылымында «Үлкен жетілікке» енетін басқа елдер тәрізді, материалдық емес сала басым. Елде алуан түрлі тауарлар: жемістер консервілеуден бастап автокөлік өндіруге дейін дамыған.

 курстық жұмыс / 25 бет


Comments closed.