Жоспар

КІРІСПЕ…..3
1. Солтүстік Американың қысқаша физикалық — географиялық сипаттамасы.
1.1. Солтүстік Американың географиялық орны….5
1.2. Табиғатының қалыптасу кезеңдері……6
1.3. Жер бедері және пайдалы қазбалары……8
1.4. Климаты және ішкі сулары….10
2. Солтүстік Америка территориясының физикалық-географиялық тұрғыдан аудандастырылуы.
2.1. Гренландия және Канадалық Арктика архипелагы…13
2.2. Орталық және Ұлы жазықтар……14
2.3. Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы…..16
2.4. Жағалық (Мексика маңы және Атлант маңы) ойпаттар……17
2.5. Кордильер….18
а). Аляскадағы Кордильер …….18
б). Канададағы Кордильер…..20
в). Оңтүстіктегі Кордильер…..21
г). Мексика таулы қыраты……22
ҚОРЫТЫНДЫ…..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.

Солтүстік және Оңтүстік Американың жақын жатқан аралдарымен косып негізінен бір дүние бөлігіне біріктіреді. Дегенмен де екі құрлықтың табиғат жағдайлары бір-біріне ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінсн жер шарындағы үшінщі құрлық, аумағы түгелдей дерлік солтүстік шарда поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты алып жатыр. Құрлықтың жалпы көлемі аралдарын қоса есептегенде 24 250 км2.

Құрлықтың шеткі нүктелері:
Солтүстігінде Мерчисон мүйісі
Оңтүстігінде Марьято мүйісі.
Батысында Принц Уэльс мүйісі
Шығысында Сент-Чарль мүйісі

Құрлық аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай орта есеппен 7000 км созылып, жағалауында аралдар мен архипелагтар  орналасқан. Солтүстігінде әлемдегі үлкен арал — Гренландия мен Канада Арктикалық архипелагы. Шығысында Ньюфауленд аралы, оңтүстік-шығысында Үлкен және кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Сондай-ақ құрлықтың солтүстік — батысы мен батысында да көптеген аралдар бар. Олар: Амут, Королева Шарлотта, Ванкувер, Кадьяк, Алсксандр архипелагы.

Құрлық аумағы әсіресе 30 және 70° солтүстік ендіктер аралығында көлемді болып келеді. Солтүстік жоне оңтүстік бөліктері көп тілімделгсн. Мысалы, Гудзон, Мексика шығанақтары, Лабрадор, Флорида, Мексика және Юкатан  түбектері. Құрлықтың негізгі орографиялық элементтері меридиан бойы бағытта созылып жатыр. Батыста Аляскадан орталық Америкаға дейін 7000 км қашықтықта Тынық мұхит жағалауы бойымен Кордильер тау жүйссі созылып жатса, шығыста Аппалач тау жүйесі орналасқан. Аталған екі тау жүйесінің аралығында Солтүстік Мұзды мұхиттан Мексика шығанағына дейін жазық алап созылып жатыр.

Тау жоталарының бойлық бағытта созыла орналасуы ауаның аталған бағытта ауысуын қамтамасыз етеді, мұхиттардың ықпалын шектейді. Аталған фактор құрлық табиғатына  қалыптасуға зор ықпал етеді.  Солтүстік Америка материгінің жағаларын үш мұхит: Атлант, Солтүстік мұзды және Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Құрлықтың солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалаулары күшті тілімделген. Ал батыс жағалауы аз тілімделген.

Құрлықтың шығыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты бірнеше теңіздер мен шығанақтардан тұрады. Олардың кейбіреуі құрлық жағалауларындағы қайраңдарда кең көлемді жерді алып жатса,  басқа біреулері құрлыққа енген тереңдей түсіп, шұңғыма болып табылады. Құрлық жағалауларындағы құрлықтық қайраң Флорида түбегі мен Баффин жері аралығында кең көлемді алып жатыр. Гудзон  және Әулие Лаврентий шығанақтары түгелдей дерлік құрлықтық қайраңда орналасқан. Құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауындағы суы терең екі бассейн Мексика шығанағы мен Кариб теңізі жатыр. Кариб теңізінде Атлант мұхитының  ең терең жері Пуэрто-Рико шұңғымасы (9 218 м) орналасқан.
Құрлықтың Тынық мұхит жағалауы аз тілімделген. Батысының солтүстік бөлігі көп тілімденген. Тынық мұхиты жағалауындағы құрлықтық қайраң алабы енсіз шағын болып, ал кейбір жерлерде ондай қайраңдар жоқтың қасы.
Құрлықтық қайраң солтүстікке қарай кеңейеді. Солтүстік Америка материгінің оңтүстік шыгыс жағалауында — дүние жүзіндегі ірі жылы ағыстар жүйесі пайда болады. Солтүстік тармағы Кариб көлі мсн Юкатан бұғазы арқылы Мексика шығанағынан өтеді де, шығанақ су деңгейін едәуір көтереді. Мексика шығанағынан шықкан ағыс Гольфстрим деген атпен Флорида бұғазы арқылы мұхитқа шығады. Гольфстрим жердің өз білігінен айналу ықпалынан шығысқа қарай бұрылады да, солтүстік Атлант ағысы деген атпен Еуропа жағалауларына дейін барады. Гольфстрим жылы ағысының құрлық климатын қалыптастырудагы ролі зор. Құрлықтың құрлыққа терең еніп жатқан қойнауларының (әсіресе, Атлантика жағалауында) судың күшті толысуы байқалады. Мысалы: Фанди шығанағындағы су толысуының биіктігі жер бетіндегі ең жоғары деңгейге (18м) жетеді.

Жұмыстың   өзектілігі  – Солтүстік Американың  физикалық  –  географиялық  аудандарын қарастыруда, оның өзіндік белгілерін анықтауда және ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдауда.

Жұмыстың    мақсаты –  Солтүстік Америкаға жалпы  сипаттама   жасау және  оның зерттелу тарихын қарастыра отырып, физикалық – географиялық аудандарының табиғат жағдайларын толық түрде көрсетіп беру.

Жұмыстың   міндеттері:
—    Солтүстік Американың  физикалық  –  географиялық    жағдайын  сипаттау;
—    жер бедерінің табиғат жағдайларына әсерін анықтау;
—    басқа аудандардан ерекшеліктерін қарастыру.

Жұмысты орындау   кезіндегі   Солтүстік Американың  физикалық  –  географиялық  аудандарын сипаттауда Т.В.Власованың, М.А.Аршинованың, Т.А.Ковалеваның «Физическая география материков и океанов» кітабы негізгі әдебиет көзі болып табылды.

 Курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.