МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………3

1.САХАРА, СУДАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АФРИКАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ…..5

1.1     Географиялық орны…….5

1.2     Жер бедері……6

1.3     Климаттық факторлар ………….10

1.4     Ішкі сулары…….13

1.5     Пайдалы қазбалар….16

2. САХАРА, СУДАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АФРИКАНЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕСІ…….18

2.1     Өсімдіктер жамылғысы…18

2.2     Жануарлар әлемі…….21

ҚОРЫТЫНДЫ……….24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……….25

ҚОСЫМШАЛАР……………………26

КІРІСПЕ

Жұмыстың көкейтестілігі: Сахара түгелімен африка платформасының шегінде орналасқан, оның көпшілік бөлігі негізі кристалдық және вулкандық жыныстардан түзіліп, горизонталь тұнба шөгінді қабаттарымен көмкерілген үстірт болып табылады. Кей жерлерде жер бетіне ежелгі қатпарлы негіз шығып жатады да биік таулы қырат құрайды немесе күмбез тәріздес қыраттар түрінде ежелгі интрузиялар шығып жатады. Жер беті шөгінді тау жыныстарымен көмкеріліп жатқан жерлерге нағыз төрткүл және куэсталық үстірттер мен тау жұрнақтары тән.

Сахараның көп учаскелері моноклиналды құрылымды болып келеді. Де жақсы көрінетін куэсталық кемерлер құрайды. Рельефтің мұндай типі солтүстік-шығыстан Ахаггар тау қыратын қоршаған Тассилин-Адджер үстіртіне, солтүстікке таман орналасқан Тадемоит үстіртіне, Антиатласты жиектеген Джебель-Бани таулы үстіртіне және басқаларға тән. Сахараның куэсталық рельефінің құрылуында тектоникалық және мұз басудан кейінгі, қазіргі заманға қарағанда тектоникалық және мұз басудан кейінгі, қазіргі заманға қарағанда анағұрлым ылғалды кезеңде орын алған эрозиялық процестердің рөлі зор.

Судан жалпақ өңір түрінде бүкіл материк арқылы дерлік батыстан шығысқа қарай, Атлант мұхитынан Эфиоп тау қыраттарына дейін созылады. Оның оңтүстік шекарасы Сахарамен шекарасы сияқты зоналық жағдайлармен анықталған, сондықтан онша айқын көрінбейді. Ол Гвинея және Камерун қыраттарының солтүстік беткейлері арқылы өтіп, содан кейін Чад көлі бассейнімен бір жағынан Нілдің сол жақ салаларының, екінші жағынан Конгоның оң жақ салаларының аралығы жүреді.

     Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:  Сахара, Судан және Орталық Африкаға физикалық-географиялық сипаттама беру:

— Географиялық орнын анықтау;

— Жер бедерінің басты ерекшеліктерін анықтау;

— Геология құрылымын анықтау;

— Климаттық факторларын анықтау;

— Ішкі суларын анықтау;

— Пайдалы қазбалар анықтау;

— Органикалық дүниесіне сипаттама беру.

Жұмыстың құрылымы.  Жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде Сахара, Судан және Орталық Африканың физикалық-географиялық орнына сипаттама беріліп, тақырыптың мәні ашылады. Екінші бөлімде сол аймақтың органикалық  дүниесіне сипаттама жаздым.

Жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдар мен қатар интернет желісі де пайдаланылды.

Зерттеу әдістері: физикалық-географиялық және математикалық, экологиялық, картографиялық, биологиялық және тарихи зерттеулер.

    Зерттеу пәні: «Құрлықтар мен мұхиттар физикалық-географиялық» курсы.

Зерттеу орны: «физикалық және экономикалық география» кафедрасында

курстық жұмыс / 24 бет


You must be logged in to leave a reply.